Salmonella Enterica днқ-сын анықтауға арналған птр әдісін дамыту
DOI:
https://doi.org/10.26577//eb.2020.v83.i2.10Аңдатпа
Сальмонеллездің клиникалық және зертханалық диагнозын жақсарту үшін молекулярлық-генетикалық диагностика әдістерін практикалық қолдану ең перспективалы болып табылады, әсіресе полимеразды тізбекті реакция (ПТР), ол ДНҚ-ны аурудың ерте сатысында анықтауға көмектеседі. Бұл жұмыстың мақсаты - Salmonella enterica бактерияларының ДНҚ-сын анықтау үшін ПТР әдісін жасау, әзірленген әдістің сезімталдығы мен ерекшелігін анықтау. Классикалық ПТР негізінде диагностикалық әдісті құру сальмонеллез қоздырғышын жоғары дәлелдігімен тез анықтауға мүмкіндік береді және оны Қазақстан Республикасында осы инфекцияның таралуын бақылау үшін қолдануға болады.
ПТР негізгі компоненттерінің бірі, ол олигонуклеотидті праймерлер болып табылады. Salmonella enterica бактериясының ДНҚ-сын анықтаудың ПТР әдісін жасау кезінде S Inv -1F и S Inv -1R праймерлері жасалынды. Әзірленген ПТР әдісі өте ерекше және сезімтал (10 микробтық жасуша / мл).Ол Salmonella enterica бактерияларының ДНҚ-сын 3-4 сағат ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылған зерттеулердің нәтижелері полимеразды тізбекті реакцияны Salmonella enterica бактериясының ДНҚ-сын таза культуралар үлгілерінде, сондай-ақ биологиялық материалда анықтау үшін, қолдану мүмкіндігін береді. ПТР-нің ақпараттылығы тағам өнімдерін талдауда көрсетілген, бұл нақты жағдайда, инфекцияның ерте сатысында Salmonella enterica бактериясының қоздырғышын анықтауға мүмкіндік береді. ПТР отандық тестілеу жүйесін Қазақстанда таралған сальмонеллездің эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайларын жақсарту бойынша, шараларды жасау кезінде қолдануға болады.
Түйінді сөздер: Salmonella еnteriса, ДНҚ, ПТР, ерекшелігі, сезімталдық








