Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі өнеркәсіптік маңызы бар кейбір балық түрлерінің қоректенуін зерттеу

Авторлар

  • S. M. Shalgimbayeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • N. N. Popov «ҚазЭкоЖоба» ЖШС, Қазақстан, Алматы
  • N. Ibragimova Қазақ Неміс университеті, Қазақстан, Алматы
  • Zh. S. Omarova Аl-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty
  • G. B. Jumakhanova Аl-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty
  • B. K. Kairat Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0003-1742-2667 ##orcid.unauthenticated##
  • Ye. M. Argynbayeva Аl-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-4-b8

Аңдатпа

Солтүстік Каспийдегі балықтардың қоректенуін және қоректік байланысын зерттеудің қажеттілігі аталған аймақтары балықтың көптеген түрлерінің өрістеу орны болып табылуымен түсіндіріледі. Қоректену бойынша материал 2018 жылдың жаз және күз мезгілдерінде Каспий теңізінің қазақстандық акваториясын кешенді теңіздік зерттеу жұмыстары барысына жинақталды. Трал көмегімен ауланған көксерке, ақмарқа және қылышбалық сияқты жыртқыш балықтардың, сонымен қатар тыран, торта, мөңке, сингиль сияқты фитофагтардың қоректенуін зерттеу су қойманың жалпы өнімділігін бақылауға және су қойманың азықтылығын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттелген балықтардың асқазан-ішек жолдары жеткілікті мөлшерде толған. Асқазаны бос балықтар сирек кездесті, бұл олардың жемделгендігін және қоректі белсенді тұтынуының көрсеткіші. Сондай-ақ, бентофагтардың негізгі рационы – шаянтәрізділерден, моллюскалардан және құрттардан, ал жыртқыш рационы – балық шабақтарынан тұратындығы анықталды. Бұл балықтардың қорекке деген талғампаздылығын және қоректік пластикалылығын көрсетеді. Бентос қоректі балықтар түрлі жемдермен қоректенуге қабілетті, осылайша олар бір-біріне қорек үшін бәсекелестік тудырмайды. Асқазан-ішек жолдарының толу индексінің ең төмен мәндері жыртқыш балықтарда анықталды. Талдауға алынған балықтардың барлығының асқазанындағы қорек кесегі қорытылған қорек түрінде кездесті. Ерекше ескере кететін жайт, күз мезгілінде ауланған балықтардың асқорыту мүшелерінде май қабатының болатындығы анықталды, бұл балықтардың қоңдылығын және жемдік қоректену объектілеріне тапшылықтың байқалмайтындығының дәлелі. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Каспий теңізінің солтүстік-шығыс акваториясының жемдік объектілерінің түрлік маусымдық алуантүрлілігі анықталды.

Түйін сөздер: Каспий теңізі, қоректену, фораменифералар, құрттар, шаянтәрізділер, моллюскалар.

Автор өмірбаяны

  • B. K. Kairat, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Қайрат Бақытжан Қайратұлы - педагогика ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

Жарияланды

2020-01-20

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>