Өсімдіктердің TOR сигналды жүйесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-2-1413Аңдатпа
Сүтқоректілердің рапамициннің нысанасы (Mammalian target of rapamycin (mTOR)) клетканың стрестік жағдайға немесе қоректік заттар мен энергияның бар-жоқтығына жауап беретін сигналды жүйенің орталық элементі болып табылатын серин-треонинді киназаларға жатады, клеткалардың өсуіне, бөлінуі мен ақуыз биосинтезіне жауап береді. Осы уақытқа дейін TOR сигналды жүйесінің молекулалық механизмдері негізінен ашытқылар мен сүтқоректілереде жақсы зерттелінді. Өсімдіктер көп жағдайда бір жерге орнығып өсуіне байланысты өзінің өсіп-өну үрдістерін (мүшелерінің ұлғаюы мен жаңа мүшелерінің пайда болуы) қоректік заттардың бар-жоқтығына байланысты үнемі реттеп отыруларына тура келеді. Сонымен қатар өсімдіктер, өз орынын өзгерте алмайтынына қарамастан, қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне төтеп бере алады. Барлық эукариоттарда TOR сигналдық жүйе қорғаныш пен өсу арасындағы балансты тұрақтандыратын түйінді реттегіш орталық болып табылады. Сондықтан да өсімдіктердегі TOR сигналды жүйесінің молекулалық механизмдерін ашу, өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз факторларына тұрақтылығы мен өнімділігін арттырудың кілті болып табылады. Өсімдіктердің TOR сигналды жүйесін зерттеу бағытындағы соңғы деректер, TOR жүйесі арқылы реттелетін өсімдіктер мен жануарлардың клеткалық және өсу үрдістерінің ұқсастығын байқатады. Осы шолудың мақсаты өсімдіктердегі TOR сигналды жүйесінің реттелу механизмдерін зерттеудегі соңғы жетістіктерін қарастыру.
Түйін сөздер: TOR, сүтқоректілер, өсімдік, балдырлар, Saccharomyces cerevisiae, рапамицин, аутофагия, раптор.








