Эффект биомаркерлері: Каспий теңізінің Қазақстан аймағындағы Каспий атеринасы (Atherina boyeri) балықтарына жасалған жалпы және гистопотологиялық көрсеткіштері
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-1-1397Аңдатпа
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аумағының ихтиофаунасының ерекшелігіне өнеркәсіптік маңызы бар балықтармен қатар, қорек тізбегін қалыптастыруға қатысатын құнсыз балық түрлерінің болуын айтуға болады. Балықтар су экожүйесіндегі трофикалық қатардың жоғары өкілдері ретінде ластанудың индикаторы болып табылады. Сыртқы ортадағы өзгерістерді анықтаудың бір әдісі - балықтардың физиологиялық күйін зерттеу. Сол себептен патоморфологиялық зерттеулер судағы токсинді заттардың таралуының зардаптарын бағалауға және болжауға болады. Мақалада Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігін мекендейтін атерина балығына жүргізілген морфометриялық және гистологиялық зерттеудің нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижесінде желбезек ұлпасы мен бауырдағы патоморфологиялық өзгерістер эффект-биомаркері бола алатындығы анықталды. Сонымен қатар балықтардың желбезектерінде ламеллалардың деструктивті өзгерістері: бірінші реттік және екінші реттік желбезек эпителийлерінің гиперплазиясы мен шеміршекті элементтердің дегенерациясы байқалды. Балықтардың бауырындағы өзгерістер гепатоциттердің паренхиматозды дистрофиясы және тамырлар реакциясы түрінде байқалды. Байқалған желбезек пен бауырдағы патоморфологиялық өзгерістер Atherina boyeri балықтарының өміршеңдігіне әсер етуі мүмкін және зерттелген мүшелерді эффект-биомаркерлері ретінде қолдануға болады. Бұлшық ет ұлпасы мен гонадаларды гистологиялық зерттеу барысында патоморфологиялық өзгерістер анықталмады және байқалған процестер қайтымды сипатқа ие. Берілген зерттеулерде Каспий атеринасы (Atherina boyeri) балықтарын Каспий теңізінің суына маниторинг жүргізуде, кәсіптік маңызы бар балықтардың сапасы мен санын болжауда тест-объект ретінде қолдану ұсынылады.
Түйін сөздер: Каспий атерина A. boyeri caspia (Eichwald, 1838), Каспий теңізі, гистологиялық өзгерістер, желбезек, бауыр.








