Қазақстандық, ресейлік және шетел селекциясының кәдімгі үрмебұршақ (Phaseolus vulgaris L.) сорт үлгілерінің белоктық компонентінің белсенділігі
Кілт сөздер:
Phaseolus vulgaris., лектиндер, протеиназ ингибиторларлары, трипсин, өсімдікті қорғау.Аңдатпа
Қазіргі уақытта заманауи ауыл шаруашылығы өндірісінің перспективті бағыттарының бірі – өсімдіктерді қорғауда кешенді әдісті қолдану және экологиялық қауіпсіздік деңгейін көтеру болып табылады. Соған байланысты ауыл шаруашылығы мен медицина үшін әртүрлі белокты компоненттердің негізінде фитопрепараттарды дайындау сұрақтары өзекті болып отыр. Ақуыз, лектин белсенділігі және протеиназа ингибиторларының мөлшері бойынша қазақстандық, ресейлік және шетел селекциясының кәдімгі үрмебұршақ (Phaseolus vulgaris L.) сорт үлгілерінің салыстырмалы талдауы жүргізілді. Барлық зерттелген сорт үлгілері белоктың (23,2%-30,8%) және лектиндік белсенділіктің жоғары мөлшерімен ерекшеленді, сонымен бірге бұл параметр сорт үлгілердің генотип ерекшелігіне және шығу тегіне байланысты. 12 үрмебұршақ сорт үлгілерінің лектиндік белсенділігін зерттеу кезінде осы көрсеткіштің кең диапозонда өзгеретіні анықталды. Сорттар арасындағы максималды айырмашылық 17,5 мг/мл, белгінің максимальды шегі 38,3 и 55,8 мг/мл аралығында болды. Лектиндік белсенділігі неғұрлым жоғары ресейлік селекциядан 2 сорт үлгі («Юбилейная белая», «Журавушка»), қазақстандық селекциядан бір («Ассоль») және шетелдік селекциядан бір («Иранская) сорт үлгі анықталды. Трипсин ингибиторларының белсенділігі химотрипсин белсенділігіне қарағанда екі есе жоғары болды, сонымен қоса трипсин және химотрипсин ингибиторларының жоғары белсенділігі лектиннің мөлшері жоғары сорттарда байқалды. Белокты компоненттердің белсенділігін зерттеу негізінде белок, лектин және протеиназа ингибиторларының мөлшері жоғары перспективті сорт үлгілері алынды, олар үрмебұршақтың өнімділігі жоғары және ауруларға тұрақты формаларын алуда бастапқы бағалы материал, сонымен қатар олардың әртүрлі клеткалық модельдеріне әсерін зерттеуде, оларды бөліп алудың биотехнологиялық әдістерін жасауда және кейін ауыл шаруашылығында қолдануда үрмебұршақтың белокты компоненттерінің потенциалды көздері бола алады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОХИМИЯСЫ
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақстандық, ресейлік және шетел селекциясының кәдімгі үрмебұршақ (Phaseolus vulgaris L.) сорт үлгілерінің белоктық компонентінің белсенділігі. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 66(1), 58-66. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1161








