Балқаш көліндегі аналық сазан (Cyprinus carpio L.) балықтарының репродуктивті жүйесіне жүргізілген гистоморфологиялық зерттеулер

Авторлар

  • G. R. Sarmoldayeva Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • S. М. Shalgimbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Zh. S. Оmarova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. B. Jumakhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • B. K. Kairat Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • K. A. Dautbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кілт сөздер:

Балқаш көлі, Cyprinus carpio L., аналық репродуктивті жүйе, гистоморфологиялық зерттеу.

Аңдатпа

Балқаш көлі Қазақстандағы ішкі су қоймалары арасында ең көп балық қорына ие, жалпы ауланымы еліміздегі жылдық балық ауланымының шамамен 20 %-ын құрайды. Соңғы жылдары көлдің су деңгейі шамамен 40,0 см-ге төмендеді. Бұл өзен ағындарының қысқаруына, бассейндегі атмосфералық шөгінділердің азаюына және биік таулы мұздар қорының сарқылуына алып келді. Экологиялық факторлардың ушығуына байланысты жыныс клеткаларының дамуында түрлі деңгейдегі өзгерістер байқалуы мүмкін. Сондықтан да кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің көбеюін салыстырмалы эколого-морфофизиологиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сазан Cyprinus carpio (Linnaeus, 1758) тұқы тұқымдасына жататын балық. Тұқылар – еліміздің ішкі суқоймаларында кең таралған және олардың көпшілігі тоған шаруашылықтары үшін қолайлы объект болып саналады. Екінші жағынан, сүйекті балықтардың арасында тұқылар өздерінің кең диапазонды морфологиялық және экологиялық өзгергіштігімен және кең ареал шегінде жоғары бейімдеушілік мүмкіндіктерімен үнемі зерттеушілер назарын аударып жатады. Гистоморфологиялық зерттеулер нәтижесінде виттеллогенез фазасындағы ооциттер саруызының резорбциясы, босаған фолликулдар, дәнекер ұлпалы түйіндердің шоғыры және атрезия, сонымен қатар қалыпты вакуолизация процесі, жұмыртқа клеткасында саруыз түйіршіктерінің жиналуы және ооциттің сыртқы қабықтарының zona radiate және хорион қабаттарының қалыптасуы анықталды. Жоғары кәсіптік маңызы бар сазан аналықтарының көбею жүйесін гистологиялық зерттеудің нәтижелеріне сүйене отырып Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы қалыпты деп айтуға болады.

Автор өмірбаяны

  • B. K. Kairat, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    педагогика ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

Жарияланды

2017-12-31

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>