Күнбағыстың инбредті линиялары коллекцияларының тұқымының өнімділік элементтері және сапалық қасиетттері бойынша сипаттамасы

Авторлар

  • K. M. Bulatova Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы
  • D. A. Yusaeva Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы
  • O. A. Gavrilova Майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы, Қазақстан, ШҚО, Солнечный а.
  • Sh. Mazkirat Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы

Кілт сөздер:

күнбағыс, инбредті линиялар, тұқым, сапалық және сандық көрсеткіштер

Аңдатпа

Мақалада Шығыс Қазақстан облысындағы ЖШС «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығындағы» күнбағыстың 36 цитоплазматикалық аталық стерильді линиялары (А линиялар), 44стерильділікті бекіткіш –линиялар (Б линиялар), 43 тозаңқаптың фертильділігін қалпына келтіруші линиялары коллекцияларының (В линиялар) 1000 дән салмағы мен күнжарасының пайыздық құрамы, дәнінің толықтығы және майлылығы, дәндегі бос пролиннің құрамының зерттелгені туралы мәліметтер келтірілген. Күнбағыстың өнімділік элементтері мен сапалық көрсеткіштері бойынша мәліметтеріне кластерлік талдау әдісімен өңдеулер жүргізілді. Мәліметтер бойынша күнбағыстың будандар селекциясында пайдаланылатын тұқым көрсеткіштерінің мәліметтері базасы құрылды. Шаруашылық-құнды белгілерін қайнар көз ретінде пайдалануға болатын 29 линиялар бөлініп алынды. Дәндегі бос пролин құрамының талдауы бойынша олар 3 топқа бөлінді: дәндегі пролин деңгейі төмен (30 -50 мк/г дейін), орта деңгейдегі линиялар (51-80 мк/г дейін), жоғарыпролинді линиялар (81 мг/% және одан жоғары).  Дәндегі бос пролин құрамы мен өсу мерзімінің ұзақтығының мәліметтері бойынша жасалған корреляциялық талдаулар әлсіз оң нәтижені көрсетті: А линияларының тобында r=0,28, Б линиясының тобында  r=0,28 және В линияларының тобында едәуір оң нәтижені көрсетті (r=0,45).

Автор өмірбаяндары

  • K. M. Bulatova, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы

    Болатова  Күлпәш  Мансұрқызы - биология ғылымдарының докторы, доцент, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты «Өсімдіктердің молекулалық-биологиялық талдаулары зертханасының меңгерушісі.

  • D. A. Yusaeva, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы

    Юсаева Дамира Анарбекқызы - биология ғылымдарының кандидаты,  Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты Өсімдіктердің молекулалық-биологиялық талдаулары зертханасының ғылыми қызметкері.

  • O. A. Gavrilova, Майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы, Қазақстан, ШҚО, Солнечный а.

    Гаврилова Ольга Александровна «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі

  • Sh. Mazkirat, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы

    «Өсімдіктердің молекулалық-биологиялық талдаулары зертханасының»    кіші ғылыми қызметкері

Жүктеулер

Жарияланды

2018-01-02

Журналдың саны

Бөлім

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары