Жүрек-қан тамырлары аурулардың дамуымен байланысты гендер
Кілт сөздер:
атеросклероз, гипертония, миокард инфарктісі, жүректің ишемиялық ауруы, метаболикалық синдром, ген, диагностика.Аңдатпа
Атеросклероз, гипертония, миокард инфарктісі, жүректің ишемиялық ауруы, метаболикалық синдром сияқты жүрек - қан тамырлары ауруларының дамуымен байланысты гендер-кандидаттардың іздеу және салыстырмалы талдау жасалынды. Осы жүрек - қан тамырлары аурулардың дамуымен байланысты гендердің деректер қоры құрылды және салыстырмалы түрінде талданды. Кейбір гендер аталған барлық аурулардың дамуына жауапты екенін көрсетілді (AGTR1, ALDH2, APOE, ICAM1, IGF1, LPL, MTHFR, PON1, SERPINE1, TGFB1, VEGFA). Сондай-ақ, кейбір гендер жүрек - қан тамырлары аурулардың бір түріне ғана жауапты екенін көрсетілді (ACSL1, ADTRP, AKT1, ALMS1, ANXA5, AQP2, AR, ATP2B1, CASZ1, CDH13, CELSR2, CFTR, CTSL, CUL7, DAP, DYRK1B, FIGN, FN1, FOS, FTO, GSN, HDAC9, ICOS, INPPL1, JAK2, LPIN1, MKKS, EDD4L, NFE2L2, PRL, SMTN, SOCS1, SOCS3, UMOD, WNT5A). Бұл нәтижелер, экспрессиясы микроРНҚларға тәуелді, гендерді анықтау үшін негізі болып табылады. Осы гендер-кандидаттардың, микроРНҚлардың нысана ретінде, және олардың ассоциациялардың анықтауы өте маңызды, себебі молекулалық салмағы төмен РНҚлар адам гендерінің экспрессиясын селективті жүзінде реттейді, сондықтан аурулардың тудыруына және олардың терапиясы мен диагностикасында пайдалануға мүмкіндік береді.








