1992 жылы журналдың негізі қаланған (Тіркеу куәлігі №766, 25.11.1999 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қайта тіркеуден өткен, Тіркеу куәлігі №956-Ж).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ғылыми нәтижелерді жариялауға ұсынған басылымдар қатарына кіреді.
Журналдың материалдары биологиялық мәселелерді кең ауқымда қарастырады – ғылыми шолулар, теориялық және эксперименталды зерттеулер.
Мақалалар биологияның келесі бөлімдері бойынша жарияланады: ботаника, биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы, генетика және молекулалық биология, клеткалық биология, биофизика, адам және жануарлар физиологиясы, зоология және ихтиология, цитология мен гистология, микробиология және вирусология.
Журнал ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға және биологиялық мамандықтардың студенттері мен магистрант, докторанттарына арналған.








