БАТЫС ТЯНЬ-ШАНЬНЫҢ ЖАЙ КӨЗШЕСІЗДЕР (HEMIPTERA, HETEROPTERA, CIMICOMORPHA II, MIRIDAE) ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb108320265

Кілт сөздер:

Батыс Тянь-Шань, Miridae, Hemiptera, Heteroptera, Cimicomorpha II, фауна.

Аңдатпа

Зерттеу тақырыбы «Батыс Тянь-Шаньның жабайы жануарларын сақтау және тұрақты пайдалану мақсатында олардың кадастрын жүргізу үшін ақпараттық жүйені әзірлеу». Зерттеудің басты мақсаты - Батыс Тянь-Шаньның Miridae тұқымдасының алуантүрлілігі анықтау. Жәндіктерді жинау үшін энтомологиялық әртүрлі әдістер қолданылды: энтомологиялық сүзгімен ору, түнгі жарыққа жинау, эксгаустермен ұсақ жәндіктерді жинау және т.б. 2024-2025 жж. Батыс Тянь-Шань тауында жүргізілген далалық зерттеулер нәтижесінде Жай көзшесіздер (Miridae) тұқымдасы қандалаларының 42 түрі анықталды. Тіршілік ету ортасы бойынша бірнеше топқа бөлінеді: хортобионттар, хорто-тамнобионттар, дендробионттар, дендро-хортобионттар: хортобионттар - 37 түр, хорто-тамнобионттар – 2 түр, дендро-хортобионттар – 1 түр, дендробионттар – 2 түр. Жартылай қаттықанаттардың әр түрлері тіршілік ету ортасының ылғалдану дәрежесіне әртүрлі бейімделген. Осы негізде түрлердің келесі экологиялық топтарын ажыратуға болады: мезофилдер, мезоксерофилдер: мезофилдер - 39 түр, мезоксерофилдер – 3 түр. Қоректік байланыстары бойынша қандалалар арасында өсімдікқоректі (фитофагтар) және араласқоректі түрлер (зоофитофагтар) болып бөлінеді, олар өсімдіктермен де және жануарлармен де қоректенеді: зоофитофагтар – 6 түр, фитофагтар – 36 түр: полифитофагтар – 24 түр, кең олигофитофагтар -11 түр, тар олигофитофагтар – 1 түр. Популяцияның вольтинизмі жыл сайынғы беретін ұрпақтардың санын көрсетеді. Жартылай қаттықанаттылардың Жай көзшесіздер (Miridae) тұқымдасы үшін вольтинизмнің белгілі 3 түрі бар: моновольтинді - 18 түр, бивольтинді – 15 түр, поливольтинді - 9 түр. Жартылай қаттықанаттылар дамудың әртүрлі кезеңдерінде қыстаумен сипатталады: ересек сатысында қыстайтындар - 19 түр, жұмыртқа сатысында - 23 түр. Зерттеулер нәтижесінде Жай көзшесіздер (Miridae) тұқымдасының 42 түрі анықталды.

Автор өмірбаяндары

  • П.А. Есенбекова, Зоология институты

    Есенбекова П.А. – биология ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» энтомология зертханасының бас ғылыми қызметкері, e- mail: esenbekova_periz@mail.ru, тел. +7 700 663 12 96

  • Г.Е. Марденова, ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» РМК, Алматы, Қазақстан

    Марденова Г.Е. – ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» энтомология зертханасының мақсатты PhD докторанты, mardenova_goha@mail.ru, тел. +7 707 169 5967

  • М.Б. Жақсыбаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    Жақсыбаев М.Б. - биология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы, zh.murat_1966@mail.ru, тел. +7 777 030 2250

  • А.М. Кенжегалиев, .Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты, Алматы, Қазақстан

    Кенжегалиев А.М. – Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының энтомология зертханасының меңгерушісі, arnur_1992@mail.ru, тел. +7 708 145 0629

  • М.Ж. Байжүніс, Зоология институты

    Байжүніс М.Ж. - PhD доктор, ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» энтомология зертханасының аға ғылыми қызметкері, bmeruert89g@mail.ru, тел. +7 747 730 0032

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

ЗООЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары