«ШАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ ҰСАҚ ҚАНАТТЫ ҚАРЫСТАУШЫЛАР ТҰҚЫМДАС ТАРМАҒЫНЫҢ (LEPIDOPTERA, GEOMETRIDAE, STERRHINAE) ФАУНАСЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА МӘЛІМЕТТЕР
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb108320264Кілт сөздер:
Lepidoptera, Geometridae, Sterrhinae, Шарын, фауна.Аңдатпа
Мақалада Geometridae тұқымдасына жататын ұсақ қанатты қарыстаушы қабыршаққанаттылар фаунасының ҚР ҒЖБМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Табиғат музейінің коллекциялық қорында сақталған жинақтар және Шарын ұлттық табиғат паркі аумағында жүргізілген зерттеу нәтижесінде жиналған материалдардың зерттеу нәтижелері ұсынылады. Авторлар жүргізген зерттеулер нәтижесінде ұсақ қанатты қарыстаушы қабыршаққанаттылар (Lepidoptera, Geometridae, Sterrhinae) тұқымдас тармағының 13 туысына жататын 39 түр тіркелді. Олардың ішінде, зерттелген аудан фаунасында осы жүргізілген зерттеуге дейінгі белгісіз болған ұсақ қанатты қарыстаушы қабыршаққанаттылардың 12 түрі алғаш рет анықталды. Ұсақ қанатты қарыстаушылар фаунасының негізін аридтық аймақтарға кіретін тұрандық және түркістандық топтар (51,3%) құрайды. Бұл зерттелген аймақтар Орта Азияның шөлейтті және далалы биогеографиялық провинциясына жататынын дәлелдеді. Кең таралған палеарктикалық және еуразиялық түрлердің үлесі (30,70%) бұл аймақтың Палеарктикалық фаунамен байланысын көрсетеді. Солтүстік Тянь-Шань эндемигтерінің үлесі (7,70%) парк аумағында таулы белдеулерінің фаунасының қалыптасыуындағы рөлін және зерттелген аймақтың эндемизм орталығына жататыны нақтыланды. Экологиялық құрылымы бойынша негізгі басым топтар ксерофилді өсімдіктер қауымдастықтарына, жар тасты беткейлерді мекендейтін ксерофилдер, келесі бұталы, ағашты, тығыз тоғайлы өзен жағалауын мекендейтін мезофилдер, сонымен қатар шалғындар, жазық далалы жерлерді мекендейтін ксеромезофилдер екені анықталды. Анықталған түрлердің басым бөлігі аридті (қуаң) жағдайға бейімделген, ол Шарын мемілекеттік ұлттық табиғи паркінің ландшафтық ерекшелігін көрсетеді.








