ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК МАКРОБЕТКЕЙІНДЕГІ ЭНДЕМИКАЛЫҚ TULIPA BRACHYSTEMON REGEL ТҮРІ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ФИТОЦЕНОЗДЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb108320261Кілт сөздер:
Tulipa brachystemon, Жетісу Алатауы, өсімдік қауымдастықтары, фитоценоздық құрылым, флоралық ұқсастық.Аңдатпа
Tulipa brachystemon Regel – Жетісу Алаутауы аумағында таралуы жеткілікті зерттелмеген шектеулі аумақта таралған эндемикалық түр, ал оның фитоценоздық бейімділігі мен мекен ортасының құрылымы жайлы мәліметтер әлі де толық емес. Осыған байланысты Жетісу Алатауының солтүстік макробеткейіндегі қысқааталық қызғалдақ қатысатын өсімдік қауымдастықтарын зерттеу және оның өсімдік жамылғысы құрылымындағы орнын бағалау өзекті.
Зерттеудің мақсаты – Жетісу Алатауының солтүстік макробеткейіндегі Tulipa brachystemon қатысатын өсімдік қауымдастықтары жайлы мәліметтерді жинақтау, олардың флоралық құрамының ерекшеліктерін анықтау және түрдің фитоценоздық тәуелділігін бағалау.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы Tulipa brachystemon қатысатын өсімдік қауымдастықтарының құрамы мен алуандығы жайлы мәліметтерді жүйелеуден тұрады.
Зерттеу жұмысы 2015-2022 жылдары жүргізілген далалық жұмыстардың материалдарына, гербарий қорларының (АА, LE) деректеріне, iNaturalist және Plantarium электрондық ресурстарының мәліметтеріне, сондай-ақ жарияланған әдеби көздерге негізделген. Қауымдастықтардың құрылымын талдау үшін геоботаникалық сипаттамалар пайдаланылды. Қауымдастықтардың таксономиялық, биоморфологиялық, экологиялық және ареалдық құрылымдары талданды. Қауымдастықтарға тән компоненттерді анықтау үшін түрлердің кездесу жиілігі мен орташа молдығы бағаланды. ...








