Оңтүстік-шығыс Қазақстан агроценоздарындағы барылдауық қоңыздардың (Coleoptera, Carabidae) таксондық құрамы мен қоректік байланысы

Автор(и)

  • R. U. Saimova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. G. Rezanov Москва қалалық педагогикалық университеті, Ресей, Мәскеу қ.
  • B. K. Esimov Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2020.v85.i4.10

Ключові слова:

барылдауық қоңыздар, агроценоз, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, зоофаг, зоофитофаг, фитофаг

Анотація

Мақалада Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның агроценоздарында 2019-2020 жылдары жүргізілген далалық ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері беріліп отыр. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қаттықанаттылар отрядының барылдауық қоңыздар тұқымдасының 9 туысына жататын 27 түрі анықталды. 670 топырақ қақпанынан 1012 дана барылдауық қоңыз есепке алынды. Олардың ішінде басым кездескен түрлер: Harpalus smaragdinus, Harpalus (Psedoophonus) griseus Panzer, 1796, Harpalus (Psedoophonus) rufipes DeGeer, 1774, Poecilus punctulatus Schaller, 1783, Poecilus sericeus sericeus Fischer von Waldheim, 1824, Poecilus versicolor Sturm, 1824, Amara aenea DeGeer, 1774, Calathus (Neocalathus) ambiguus ambiguus Paykull, 1790. Агроценоздар фаунасының негізін политоптық мезофильді барылдауық қоңыздар құрайды. Суарылатын егістіктерде барылдауық қоңыздар саны жоғары және олар гигрофилдер, мезофилдер, эврибионттардан тұрады және бұл жерлерде қоңыздардың  көпшілігі зоофагтар, сонымен қатар аралас қоректі (зоофитофагтар) және өсімдікқоректі (фитофагтар) түрлер де кездеседі. Барылдауық қоңыздар егістіктердегі, дала ландшафтарындағы жер қоңыздарының ең көп тобы. Сондықтан барылдауық қоңыздар ішінде аралас қоректі түрлер тіршілік ортасына, ауа температурасына байланысты кездеседі. Зерттеу аймағындағы түрлі егістіктердегі барылдауық қоңыздар кешені, барлық егістіктердегі барылдауық қоңыздар түрлерімен сәйкес. Вегетациялық кезеңде қоңыздардың қоректік құрылысы өзгереді: алғашқыда жыртқыш қоңыздар, соңында араласқоректі қоңыздар басым болады.

Завантаження

Опубліковано

2020-12-20

Як цитувати

Оңтүстік-шығыс Қазақстан агроценоздарындағы барылдауық қоңыздардың (Coleoptera, Carabidae) таксондық құрамы мен қоректік байланысы. (2020). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 85(4), 98-104. https://doi.org/10.26577/eb.2020.v85.i4.10

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають