ҚОЛДАНУҒА ТИЫМ САЛЫНҒАН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ҚОЙ ОРГАНИЗМІНЕ ӘСЕР ЕТУ САЛДАРЫН ЦИТОГЕНЕТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2021.v86.i1.09Анотація
Бұрын көкөніс, жеміс және темекі өсірумен айналысатын Алматы облысындағы шаруашылықтардың аумағында ескірген, қараусыз қалған қоймалар бар және ол жерлерде жойылмаған және пайдалануға тыйым салынған пестицидтердің көп мөлшері жинақталған. Бұл қоймалар тура сол елді мекендерде орналасқан. Олардың айналасында санитарлық аймақ жоқ. Пайдаланылмаған пестицидтердің химиялық құрамы қоршаған ортаны үнемі ластайды, нәтижесінде сол елді мекендерде өсірілетін жануарлар мен өсімдіктерден өндірілген өнімдер арқылы зиянды заттар адам ағзасына енеді.
Бұл мақала өңделмеген және пайдаланылуға тыйым салынған пестицидтердің қой организміне генотоксикалық әсерін цитогенетикалық бағалауға арналған. Зерттеудегі малдар Бесқайнар, Қызылқайрат және Тауқаратұрық елді мекендерінің жайылым аймақтарында өсірілген және онда пестицид қалдықтары бар ескі қоймалар орналасқан.
30 бас қойдың перифериялық қан клеткаларының in vitro культурасынан дайындалған хромосома препараттарына цитогенетикалық талдау жүргізілді. Үш тәжірибе аймақтарындағы жануарларда геномдық мутациясы бар клеткалардың деңгейі бақылау жануарларының тиісті көрсеткіштерімен салыстырғанда сәйкесінше 2,6; 2,96 және 2,75 есе жоғары болды. Осы жануарлардың қан жүйесіндегі геномдық клеткалардың мутацияларына жасалған талдау, хромосомалардың гипердиплоидты жиынтығы бар клеткалар, талданған метафаза клеткаларын 0,67% -дан 2,88% -ға дейінгі жиілікте 17 дарабастарда анықталғанын көрсетті. Барлық жануарларда полиплоидты клеткалар табылды және олардың орташа жиілігі 7,93 ± 1,21% (3484 клетка) құрады. Тәжірибелік жануарлардағы хромосомалық аберрациясы бар клеткалардың деңгейі бақылау жануарларына қарағанда 6,25; 7.40 және 5.66 есе жоғары екендігі анықталды. Жануарлар клеткаларына цитогенетикалық тұрақсыздық деңгейіне жүргізілген жан-жақты талдауы, тәжірибелік жануарлардың қан жүйесінде гипердиплоидты, полиплоидты жиынтығы мен хромосомалық аберрациясы бар клеткалар үлесінің артуына пайдаланылмаған және тыйым салынған пестицидтердің генотоксикалық әсер ететіндігін көрсетті.
Түйін сөздер: пайдаланылмаған және тыйым салынған пестицидтер, қойлар, лимфоциттердің in vitro культурасы, геномдық мутациялар, хромосомалық аберрациялар.








