Физикалық жүктемеге дейінгі және кейінгі адамдардың кардиоинтервал тербелімдері мен пульстерінің тәуліктік динамикасының энтропиялық көрсеткіштерін зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/EB-2017-4-1307Ключові слова:
адам, тәуліктік (циркадианды ритмдер), пульс, кардиоинтервал тербелімі, физикалық жүктеме, энтропия.Анотація
Физикалық жүктемеге дейінгі және физикалық жүктемеден кейінгі жас адамдардың кардиоинтервалдарының тербелімдері мен пульстерінің орта мәндерінің тәуліктік (циркадианды) динамикасының ерекшеліктері алғаш рет осы жұмыста анықталып, талданды. Физикалық жүктемеден кейін жүрек жиырылу жылдамдығының көлемі статистикалық маңызы бар көлемге дейін жоғарылады (Р≤0,05). Сонымен, физикалық жүктемеге дейін пульстің көрсеткіштері 69,7±3,9 соққы/мин-тан 77,5±5,5 соққы/мин-қа, ал физикалық жүктемеден кейін 101,7±6,5 соққы/мин-тан 110,1±6,0 соққы/мин-қа дейін өзгерді. Кардиоинтервал тербелімінің көлемі физикалық жүктемеге дейін 0,127±0,09 сек-тан 0,127±0,09 сек-қа дейін өзгерді, ал физикалық жүктемеден кейін 0,087±0,01 сек-тан 0,111±0,08 сек-қа дейін өзгерді. Кардиоинтервал көлемі физикалық жүктемеге дейінгіге қарағанда, физикалық жүктемеден кейін төмендігі анықталды.
Физикалық жүктемеге дейін және кейін жас адамдардың пульстерінің орта мәндерінің тәуліктік динамикасы мен кардиоинтервал тербелімдерінің мәндерінің энтропиясы алғаш рет есептелінді. Сонымен, пульстің энтропиясының көлемі физикалық жүктемеге дейін - 0,6165, физикалық жүктемеден кейін - 0,6668 тең, ал кардиоинтервал тербелімдерінің көлемі физикалық жүктемеге дейін - 0,5749, ал физикалық жүктемеден кейін - 0,5432. Пульстің тәуліктік динамикасының көрсеткіштері физикалық жүктемеден кейін жоғарылайды, ал кардиоинтервал тербелімі, керісінше азаяды.








