Ақмола облысы Зеренді ауданы аймағы флорасының түрлік құрамы
Ключові слова:
флора, класс, тұқымдас, туыс, түр, систематикалық талдау, гербарий,Анотація
Бұл жұмыста Ақмола облысы Зеренді ауданы аймағының флорасында кездескен өсімдіктер түрлеріне систематикалық талдау жүргізілген. Зерттелген аймақтың флорасында 41 тұқымдасқа, 108 туысқа жататын өсімдіктердің 136 түрі анықталған. Аталған аймақтың флорасы Pinophyta 1 түрін немесе жалпы түрлер санының 0,73%-ын, Қосжарнақтылар (Magnolopsida) класының 115 түрін немесе 84,56%-ын және Даражарнақтылар (Liliopsidae) класының 20 түрін немесе 14,71% -ын қамтыған. Magnolopsida класында жалпы түр саны бойынша бірінші орынды Asteraceae (25 түр немесе 21,74%); екінші орынды Rosaceae (14 түр немесе 12,17%); үшінші орынды Fabaceae (11 түр немесе 9,56%) тұқымдасы алады. Liliopsidae класында жалпы түр саны бойынша бірінші орынды Poaceae (10 түр немесе 50%); екінші орынды Juncaceae Juss. (4 түр немесе 20%); үшінші орынды Liliaceae Juss. тұқымдасы (2 түр немесе 10%) алады. Зерттелген аймақ флорасы тіршілік формаларына байланысты ағаштар - 3 түр, бұталар - 8 түр, жартылай бұталар – 7 түр, шөптесін өсімдіктер – 118 түрді біріктіретіні анықталды. Өсімдіктердің тіршілік формалары бойынша кездесуін мынадай қатар бойынша көрсетуге болады: көпжылдық шөптесін өсімдіктер (92 түр), біржылдық шөптесін өсімдіктер (20 түр), бұталар (8 түр), жартылай бұталар (7 түр), екіжылдық шөптесін өсімдіктер (6 түр), ағаштар (3 түр). Тіршілік формаларының зерттеу сараптамасы бойынша Ақмола облысы Зеренді ауданы аймағы өсімдіктерінің жасына қарай өзгеруі поликарпты (80,88%) және монокарпты (19,12%) түрлері анықталды. Зерттелген аймақта поликарпты өсімдіктер басым келеді.Завантаження
Опубліковано
2016-06-27
Номер
Розділ
БОТАНИКА
Як цитувати
Ақмола облысы Зеренді ауданы аймағы флорасының түрлік құрамы. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 66(1), 4-13. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1154








