Ақмола облысы Зеренді ауданы флорасындағы арамшөптердің түрлік құрамы
Ключові слова:
флора, систематикалық талдау, арамшөптер, экологиялық топ, өсімдіктердің түрлік құрамы.Анотація
Мақалада Ақмола облысы, Зеренді ауданының флорасындағы арамшөптерге систематикалық талдау жүргізілген. Зерттелген аймақтың флорасында арамшөптердің 29 тұқымдас, 70 туысқа жататын 84 түрі анықталған. Жалпы түр саны бойынша бірінші орынды Asteraceae Dumort. (18 түр немесе 21,4%), екінші орынды Poaceae Barnhart. (8 түр немесе 9,5%), үшінші орынды Fabaceae Lindl. (7 түр немесе 8,3%) тұқымдасы алады. Scrophulariaceae Juss. тұқымдасынан –5 түр, Boraginaceae Juss., Rosaceae Juss. тұқымдастарынан – 4 түр, ал қалған тұқымдастардан 3-1 түрден кездесті. Арамшөптерге экологиялық талдау жасау барысында мезофиттер 37 түрді, ксеромезофиттер 21 түрді, ксерофиттер 10 түрді, гигрофиттер 6 түрді, мезоксерофиттер 5 түрді, гигромезофиттер 4 түрді, мезогигрофиттер 1 түрді құрайды.
Зерттелген өсімдіктер арамшөптердің қоректенуіне байланысты паразиттік емес арамшөптерге жатады. Аз жылдық арамшөптердің ішінде вегетациялық мезгіліне байланысты жаздық арамшөптердің 12 түрі (14,29%), қыстап қалатын арамшөптердің 5 түрі (5,95 %), екіжылдық арамшөптердің - 8 түрі (9,52 %) кездесті. Көпжылдық арамшөптердің ішінде кіндік тамырлы – 24 түрі (28,57 %), тамырсабақты- 26 түр (30,95 %), атпатамырлы- 7 түр (8,33 %), шашақ тамырлы- 2 түрі (2,38 %) кездесті.








