САРҒЫЛТ ТҮСТІ ҚАРАКӨЛ ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЭМБРИОНДАРЫН ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАУДА СУПЕРОВУЛЯЦИЯЛАУДЫ ИНДУКЦИЯЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb107220268Кілттік сөздер:
жыныстық цикл, жыныстық күйіт, сарысу гонадотропині, суперовуляция, эмбрион, даму сатысыАннотация
Зерттеу жұмысында селекциялық құндылығы жоғары, сирек кездесетін сарғылт түсті қаракөл қойларының генетикалық ресурстарын сақтау маңыздылығы ғылыми тұрғыдан негізделіп, олардың генотиптерін көбейту және мал басын тиімді сақтау әдісі әзірленді. Ұсынылған әдіс саулықтардың жыныстық күйітін анықтау, жыныстық циклдің 13-14 күндері тірідей салмағына 26 МЕ/кг СЖК гонадотропты гормонымен өңдеу, сәйкес түсті қошқарлармен қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды жуып алуды қамтиды, бұл әдістің ерекшелігі эмбриондар санын арттыру мақсатында осы саулықтарды екінші мәрте донор ретінде пайдаланады, ол үшін эмбриондарын жуып алғаннан кейін донорларға 18-22 күндік үзілістен кейін олардың эстральдық циклінің 14-16 күндері тірідей салмағына 26 МЕ/кг мөлшерінде гонадотропты ГСЖК препаратымен қайта өңдейді, одан кейін күйітке келген саулықтарды іріктеу, ұрықтандыру және эмбриондарды жуып алу технологиялық процесстері орындалады.
Нәтижесінде, ұсынылған әдіс дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда сирек түсті саулықтардан орта есеппен 3,1 дана жоғары сапалы эмбрионды қосымша алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әдіс күйіттеу маусымында сирек сарғылт түсті саулықтарды эмбрион доноры ретінде екі рет пайдалануға мүмкіндік береді. Бір донордан эмбриондарды бірнеше мәрте жуып алу тәсілі ауыл шаруашылығында селекциялық тұрғыдан құндылығы жоғары, сирек кездесетін сарғылт түсті қаракөл қойлар популяцияларын сақтау мен көбейтуге бағытталған бірқатар теориялық және практикалық мәселелерді шешуде маңыздылығы жоғары.








