БАҚАНАС КАНАЛЫ ЖАЙЫЛМАСЫНДАҒЫ CALLIGONUM ALATUM LITW. ӨСІМДІГІНІҢ ЦЕНОПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb107220264Кілттік сөздер:
геоботаника, фитоценоз, популяция, ценопопуляция, шөл, трансектаАннотация
Мақалада Calligonum alatum Litw. өсімдігінің бірінші популяциясы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылынан 25 км қашықтықта, Іле өзенінен 500-700 м жетпейтін аймақтан табылды. Өсімдіктің таралу ортасының топырағы құмды массив. Жер бедері толқынды-бұдырлы, GPS бойынша координаттары: N 44°41′12.0″, E 76°24′55.2″ ш.б. табылды. Calligonum alatum геоботаникалық тұрғыдан зерттеу жұмыстары жасалды. Таралу ортасындағы ценопопуляциядағы өсімдіктің жастық спектрі мен оның көбейе алуға қабілетті репродуктивтілігі, таралуындағы сандық көрсеткіштері, жастық құрылымы, фитоценоздың түрлік құрамы бойынша жіктелуін анықтауда геоботаникалық әдістер қолданылды. Зерттеу объектісінің өсу қарқындылығы мен ортаға бейімделуін деңгейінің жастық құрамын анықтау және бағалау жүргізу негізінде 10х10м2 трансекталар салынды. Шекарасы белгіленген аймақтағы түр құрамы мен дарақтар санының жиілілігімен популяцияның тығыздығы анықталады және бағалу шкаласы жасалды. Calligonum alatum өсімдігінің екі ценопопуляциясымен қауымдастық құруының түрлік құрамы өсімдіктердің проекциялық жабынының пайыздық көрсеткіштерінің деңгейі анықталды. Өсімдіктің ярустары бойынша талдау жасалды. Екі ценопопуляцияның топырақ құрамы құмды-қиыршықты. Стьюденттің t-критерийі бойынша анықталған ценопопуляция шеңберінде салынған екі трансектаның онтогенетикалық құрылымындағы айырмашылықтарды анықтау мақсатында қолданылды.








