MEDIASIA MACROPHYLLA (REGEL ET SCHMALH.) PIMENOV ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ МАССАСЫ ЖӘНЕ ГИДРАТАЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Seed traits of Mediasia macrophylla

Авторлар

  • Ж.Е. Айменова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8372-7007
  • Ф.А. Убаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0009-0003-3960-6835
  • Ш.Е. Дуисебаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6465-2118
  • Г.Е. Исламова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4835-4145
  • А.М. Есимова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстаний исследовательский университет им. М.Ауэзова, Шымкент, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-2456-0497
  • С.Д. Джуманов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0009-0005-9526-9487

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb107220263
        9 19

Кілттік сөздер:

Mediasia macrophylla, тұқымдар, тұқым массасы, ісіну қабілеті, тұқымдардың гидратациясы

Аннотация

Өсімдіктердің табиғи экожүйелердегі көбею, бейімделу және тұрақтылық процестерін түсінуде тұқым биологиясының маңызы зор. Әсіресе репродуктивтік сипаттамалары туралы мәліметтері шектеулі сирек және эндемикалық түрлерді зерттеу ерекше өзектілікке ие. Осы жұмыста алғаш рет Apiaceae тұқымдасына жататын сирек эндемик түр — Mediasia macrophylla тұқымдарының массасы мен гидратациялық қасиеттері зерттелді. Зерттеудің мақсаты тұқым массасын, олардың ісіну динамикасын талдау және гидратация процесі кезіндегі тұқымдардағы өзгерістерді визуалды бағалау болды. Зерттеу түрдің репродуктивтік биологиясының маңызды сипаттамалары болып табылатын тұқым массасы мен су сіңіру ерекшеліктері жөнінде сандық деректер алуға бағытталды. Зерттеу әдістемесі жарық микроскопиясын қолдана отырып жүргізілген макроморфологиялық талдауды, 100 тұқымнан тұратын үлгілер бойынша тұқым массасын гравиметриялық анықтауды, сондай-ақ массаның 1, 3, 6 және 24 сағаттан кейінгі өзгерістерін тіркеу арқылы су сіңірудің гравиметриялық сынағын қамтыды. Нәтижесінде M. macrophylla тұқымдарының массасы төмен және көрсеткіштерінің өзгергіштігі аз екендігі анықталды, бұл популяциядағы тұқым материалының тұрақтылығын көрсетеді. Ісіну тәжірибесі суды қарқынды бастапқы сіңіру фазасын, кейіннен гидратация жылдамдығының бәсеңдеуін және процестің тұрақтануын көрсетті. 

Авторлардың биографисы

Ж.Е. Айменова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан

Айменова Жанар Еркеновна (хат-хабарларға жауапты автор) – PhD, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Фитохимия» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі (Шымкент қ., Қазақстан, e-mail: aimenova.zhanara@gmail.com)

Ф.А. Убаев, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан

Убаев Фуркат Абдивахапұлы – магистр, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің докторанты (Шымкент қ., Қазақстан, e-mail: furkhat.ubaev@mail.ru)

Ш.Е. Дуисебаев, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан

Дүйсебаев Шыңғысқан Ерғалиевич – магистр, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Фитохимия» ғылыми-зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері (Шымкент қ., Қазақстан, e-mail: shyngys.86@mail.ru)

Г.Е. Исламова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан

Исламова Гүлнұр Еркінбайқызы – магистр, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Фитохимия» ғылыми-зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері (Шымкент қ., Қазақстан, e-mail: gulnura_87_kz@mail.ru)

А.М. Есимова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстаний исследовательский университет им. М.Ауэзова, Шымкент, Казахстан

Есимова Анар Маденовна – химия ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Шымкент қ., Қазақстан, e-mail: anar_esimova@mail.ru)

С.Д. Джуманов, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан

Джуманов Сматулла Джораевич – Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы (Жабағылы ауылы, Қазақстан, e-mail: samat.reserve@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Айменова Z. ., Убаев F. ., Дуисебаев, Д., Исламова G. ., Есимова, А. ., & Джуманов S. . (2026). MEDIASIA MACROPHYLLA (REGEL ET SCHMALH.) PIMENOV ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ МАССАСЫ ЖӘНЕ ГИДРАТАЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ: Seed traits of Mediasia macrophylla. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 107(2), 30–40. https://doi.org/10.26577/bb107220263