АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ДАЛА ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ӨСІМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ НЕГІЗІНДЕ КӨМІРТЕГІ ТЕҢГЕРІМІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb1072202612Кілттік сөздер:
таза экожүйелік өнім, көміртегі теңгерімі, құрғақ дала, Ақмола облысы, биомасса динамикасы, таза бастапқы өнім, тамыр өлімассасыАннотация
Ақмола облысының дала экожүйелері аймақтық көміртегі айналымының маңызды құрамдас бөлігі және органикалық көміртегінің елеулі резервуары болып табылады. Алайда, олардың көміртегін сіңіру қабілеті өсімдік жамылғысының түрі мен климаттық жағдайларға байланысты айтарлықтай ауытқиды, бұл парниктік газдар динамикасын болжауды қиындатады. Зерттеудің мақсаты – биологиялық өнімділікті (NPP) және топырақтың гетеротрофты тыныс алуын (Rh) егжей-тегжейлі зерттеу негізінде таза экожүйелік өнімділікті (NEP) кешенді сандық бағалау. Далалық жұмыстар 2025 жылғы вегетациялық кезеңде бес ауданда (Егіндікөл, Ақкөл, Ерейментау, Есіл, Атбасар) орналасқан 25 мониторингтік учаскеде жүргізілді. Әдістеме жерүсті және жерасты биомасса фракцияларын есепке алатын А.А. Титлянованың әдісіне негізделген.Зерттеу өнімділік процестерінің айқын кеңістіктік біртекті еместігін көрсетті: таза бастапқы өнім (NPP) ксерофитті қауымдастықтардағы 7,38 т/га-дан мезофитті далалардағы 15,78 т/га-ға дейін ауытқыды. Атбасар ауданының құрғақ жағдайында өсімдіктердің көміртегін негізінен тамыр жүйесінде жинақтауға бейімделген стратегиясы анықталды. 2025 жылғы қолайлы гидротермиялық жағдайларда барлық зерттелген экожүйелер көміртегінің таза сіңіргіші (net sink) ретінде жұмысы орташа есеппен жылына 3,48 т CO₂-экв/га сіңіргені анықталды. Жылдық NPP-дің 40%-ға жуығы тамыр өлімассасы түрінде жинақталатыны және минералданудың баяу қарқынына байланысты ұзақ мерзімді көміртегі резервін құрайтыны дәлелденді. Зерттеу нәтижелері ұлттық парниктік газдардың кадастрын түзетуге және климаттың өзгеруіне бейімделу стратегияларын әзірлеу үшін маңызды.








