ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ АРАМШӨПТЕРДІҢ ТАРАЛУЫН КАРТАҒА ТҮСІРУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb107220269Кілттік сөздер:
карантиндік арамшөптер, картографиялау, ГАЖ, Rhaponticum repens, Ambrosia artemisiifolia, Cuscuta campestris, QGIS, фитосанитариялық мониторингАннотация
Осы зерттеуде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде таралған шаруашылық тұрғысынан маңызды және карантиндік арамшөп түрлерінің таралуын картографиялау нәтижелері ұсынылған. Далалық зерттеулер Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының аумағында жүргізіліп, ауыл шаруашылығы алқаптарын, жол бойындағы аумақтарды, тыңайған жерлерді және суармалы егістіктерді қамтыды. Негізгі арамшөп түрлерінің қазіргі таралу аймағы мен таралу қарқындылығын нақтылау мақсатында географиялық координаттармен белгіленген үлгілер жиналды.
Зерттеу барысында Rhaponticum repens (жатаған кекіре) түрінің 1078 үлгісі, Ambrosia artemisiifolia (жусан жапырақты амброзия) түрінің 1153 үлгісі және Cuscuta campestris (дала арамсояуы) түрінің 1027 үлгісі жиналып, талданды. Арамшөптердің таралуын картографиялау QGIS 3.28 бағдарламалық ортасында жүзеге асырылды, ал географиялық координаттарды өңдеу үшін Lat Lon Tools плагині қолданылды. Алынған мәліметтер негізінде таралу ошақтары мен зерттелген түрлердің кеңістіктік орналасу ерекшеліктерін көрсететін тақырыптық карталар жасалды.
Зерттеу нәтижелері көлік дәліздері, суармалы агроэкожүйелер және қарқынды пайдаланылатын ауыл шаруашылығы ландшафттары арамшөптердің таралуындағы негізгі факторлар болып табылатынын көрсетті. R. repens негізінен құрғақ және тау бөктеріндегі аймақтарда таралған, C. campestris көбінесе суармалы егістіктер мен жол бойындағы учаскелерде кездескен, ал A. artemisiifolia урбандалған және антропогендік әсерге ұшыраған аумақтарда үзік-үзік, бірақ кеңею үрдісін көрсеткен. Зерттеу нәтижелері карантиндік арамшөптерді мониторингтеу, фитосанитариялық тәуекелдерді бағалау және оларды басқару стратегияларын әзірлеу үшін ГАЖ-негізіндегі картографиялаудың маңыздылығын дәлелдейді.








