ӘУЛИЕКӨЛ ТҰҚЫМЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІН SNP-МАРКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb107220266Кілттік сөздер:
Әулиекөл тұқымы, SNP-талдау, РСА, ADMIXTURE, IBD.Аннотация
Бұл зерттеуде Қостанай облысы Әулиекөл ауданы «Тимофеев-Агро» шаруашылығынан алынған 308 бас Әулиекөл ірі қара популяциясының генетикалық құрылымы BovineSNP50 микрочипінің негізінде алынған мәліметтер арқылы талданды. Сапалық бақылаудан кейінгі талдауда 22,865 аутосомалық SNP болды және үлгілердің орташа генотиптеу тазалығы 0.99947 мәнін құрады. Популяциялық құрылымды бағалау мақсатында негізгі компоненттерге талдау (PCA), ADMIXTURE және identity-by-descent (IBD) негізіндегі генетикалық ұқсастық зерттеулері жүргізілді. PCA нәтижелері үлгілердің басым бөлігінің орталық аймақта шоғырланып, айқын популяциялық стратификацияның жоқ болатындығын көрсетті, ал жекелеген үлгілердің орталық кластерден салыстырмалы түрде алшақ орналасуы популяция ішіндегі генетикалық вариацияның бар екенін аңғартты. IBD талдауы нәтижесінде алынған генетикалық ұқсастық қатнастары популяцияның тұтастығын және үлгілер арасындағы генетикалық жақындықтың үздіксіз сипатын көрсетті. ADMIXTURE талдауы (K=2-5) зерттелген популяцияда бір негізгі ата-тектік компоненттің басым болатындығын, ал қосымша компоненттердің әртүрлі пропорцияда көрінуі дербес субпопуляцияның болмайтындығын көрсетті. PCA, ADMIXTURE және IBD нәтижелері бірін-бірі толықтыра отырып, Әулиекөл ірі қара популяциясының генетикалық құрылымы біртекті екенін, айқын субпопуляциялық бөлінудің жоқтығын және популяция ішіндегі генетикалық әртүрліліктің табиғи деңгейде екенін көрсетті. Алынған нәтижелер бұл популяцияның әрі қарай геномдық зерттеулер мен селекциялық бағдарламалар үшін сенімді генетикалық негізге ие екенін айғақтайды.








