ЛАКТОЗАСЫЗ АШЫТҚЫНЫ ДАҚЫЛДАРЫН ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН LACTOBACILLUS БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ АРАЛАС НҰСҚАЛАРЫ

Авторлар

  • М.К. Иманбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0000-0001-9624-0268

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb106120268

Кілттік сөздер:

сүт қышқылды бактериялар, лактоза ашытушы,пробиотик,лактозаға төзімсіздік,аралас мәдениеттер.

Аннотация

Бұл зерттеуде Lactobacillus туысына жататын бактерияларының әртүрлі мәдениеттерін араластыру арқылы лактозасыз ашытқы дайындау жолдары қарастырылады. Зерттеу генетикалық немесе жүре пайда болған лактаза тапшылығы бар адамдар үшін пробиотикалық өнімдерді әзірлеудің маңыздылығын атап өтеді. Зерттеу әдістемесі штамдардың биосәйкестілігін, қышқыл түзу қабілетін және тіршілікке қабілеттілігін талдауға негізделген. Бұл Қазақстанның Ақмола облысындағы үй жағдайында дайындалған ашытылған сүт өнімдерінен бөлінген аралас штаммдар негізінде лактозасыз ашытқы жасауға мүмкіндік берді. Нәтижелер бойынша LB. acidophilus және LB. rhamnoses штаммдарынан тұратын №11 консорциум-лактозасыз ашытқы өндірудің технологиялық сызбасын әзірлеуге ең қолайлы жол болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты LB. acidophilus және LB. Rhamnoses  бактерияларын лактозасыз ашытқы өндірудің технологиялық схемасын әзірлеу үшін ашытқы мәдениеттері ретінде пайдалану.  Жұмыстың практикалық маңыздылығы LB. acidophilus және LB. rhamnoses  штамдарын табиғи лактозаны ыдырататын сүтқышқылды микроағзалар ретінде пайдалану қолайлығында. Зерттеу жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы-тағам өнеркәсібінде лактозасыз сүт өнімдерін өндіруде қолдануға болады. Бұл жұмыс микробиология, тамақ өнеркәсібі, медицина және биотехнология сияқты білім салаларын қамтиды.

Автордың биографиясы

М.К. Иманбаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана қ.

Иманбаева Мадина Каиртаевна (корреспондент-автор) – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ «Жалпы биология және геномика» кафедрасының докторанты; Астана медицина университеті КеАҚ «Гистология және цитология» кафедрасының аға оқұтышысы (Астана, Қазахстан, e-mail: imanbaeva_madina@inbox.ru)

Как цитировать

Иманбаева, М. . (2026). ЛАКТОЗАСЫЗ АШЫТҚЫНЫ ДАҚЫЛДАРЫН ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН LACTOBACILLUS БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ АРАЛАС НҰСҚАЛАРЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 106(1), 81–90. https://doi.org/10.26577/bb106120268