EREMURUS ROBUSTUS ЖӘНЕ E. TIANSCHANICUS ТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ТАРАЛУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510433
        2 9

Кілттік сөздер:

Asphodelaceae, Eremurus, ареал, флористикалық аудандар, экология

Аннотация

Мақалада Asphodelaceae тұқымдасына жататын Eremurus туысына жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылған. Бұл туысқа жуандаған тамырлары мен түп жапырақтары бар 70-тен астам көпжылдық шөптесін өсімдіктер жатады. «Қазақстан флорасы» деректеріне сәйкес, Қазақстанда бұл туыстың 13 түрі тіркелген, алайда М.С. Байтеновтің мәліметтері бойынша олардың саны 15 түрге жетеді. Бұл мәліметтер аталған түрлерге қатысты болашақ далалық зерттеу жұмыстарына негіз болады. Жұмыс барысында 1988 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңдегі әдеби деректерге шолу жасалып, ірі гербарий қорларындағы (AA, TASH, LE, MW) 130-дан астам үлгілер қарастырылды. Жиналған деректер негізінде Eremurus robustus және E. tianschanicus түрлерінің таралу картасы жасалды. Зерттелген түрлердің таралу аймақтары Қазақстан мен Орталық Азияның ботаникалық-географиялық аудандастырылуына сәйкес анықталды: Eremurus robustus түрінің таралу аймағы: Аймақ – Сахара - Гоби, Ішінара аймақ – Иран-Тұран, Провинция – Таулы Орталық Азия (Жетісу-Солтүстік Тянь - Шань); Eremurus tianschanicus түрінің таралу аймағы: Аймақ – Сахара - Гоби, Ішінара аймақ – Иран - Тұран, Провинция – Таулы Орталық Азия (Жетісу-Солтүстік Тянь-Шань).

Авторлардың биографисы

K.A. Дәулет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

PhD student, Faculty of Biology and Biotechnology, Al-Farabi Kazakh National University; Junior Researcher, Laboratory of Plant World Cadastre, Institute of Botany and Phytointroduction, Almaty, Kazakhstan, email: dauletova1211@mail.ru

Ә.Б. Құсманғазинов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

PhD, Senior Lecturer, Department of Botany and Agroecology, Faculty of Biology and Biotechnology, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan, email: adil_06.1996@mail.ru

С.Т. Назарбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Professor, Dept. of Botany and Agroecology, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan, email: snazarbekova@mail.ru

А.И. Байдаулетова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Candidate of Medical Sciences, Somnologist, Neurologist, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan, e-mail: baidaulet123@gmail.com.

Жүктелулер

Как цитировать

Дәулет K. ., Құсманғазинов, Ә., Назарбекова S. ., & Байдаулетова, А. (2025). EREMURUS ROBUSTUS ЖӘНЕ E. TIANSCHANICUS ТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ТАРАЛУЫ . ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 104(3), 34–43. https://doi.org/10.26577/bb202510433

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають