ІЛЕ АЛАТАУЫ ТҮРГЕН ШАТҚАЛЫНДАҒЫ ROSA POTENTILLIFLORA CHRSHAN. ET. M. POP. КЕЗДЕСЕТІН ӨСІМДІКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ФЛОРАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510432
        4 4

Кілттік сөздер:

флора, популяция, эндем, доминант, мезофит, ксерофит, гемикриптофит, терофит

Аннотация

Мақалада Іле Алатауының Түрген шатқалында сирек кездесетін, эндемдік түр Rosa potentilliflora Chrshan. et. M. Pop. кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарының флорасына талдау жасалынған. Қауымдастық құратын өсімдіктердің бірінші орында Fabaceae Lindl.,тұқымдасы 10 түрден тұрады немесе флораның 12,6%-ын құрайды. Екінші орында Labiatae Juss.және Asteraceae Dumort. тұқымдастардан тұрады. Олардың әрқайсысында  8 түрден бар немесе  флораның 10,1% құрайды. Үшінші орында Poaceae Gaertn.және Rosaceae Juss.тұқымдастарынан тұрады олардың әрқайсысында 7 түрден бар немесе флораның 8,8% құрайды. Төртінші орында Apiaceae Lindl. және Scrophulariaceae Lindl. тұқымдастарынан тұрады. Олардың әрқайсысында 4 түрден бар немесе флораның 5,06% құрайды. Қалған тұқымдастардың әрқайсысында 3-тен, 2-ден түрлер бар. Мұндай жағдайда өрт шығып кету қаупі болып тұрады. Мұның екеуіде аз ғана жерде өсетін, таралу аумағы  шектеулі, эндемдік түр Rosa potentilliflora өсімдігі үшін аса қауіпті. Сондықтанда Іле Алатауы ұлттық паркі мен Түрген орман шаруашылығы секілді мекемелердің жауапты қызметкерлері Rosa potentilliflora өсімдігінің қорғауды қажет ететін эндемдік түр екендігінен хабардар болулары тиісті және оны үнемі бақылауда болады.

Авторлардың биографисы

Ч.Ж. Алдасугурова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

PhD-доктарант, ) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, email: aldasygyrova.chinar.77@gmail.com.)

А.А. Аметов , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, email: Abibulla.Ametov@kaznu.kz)

С.Т. Назарбекова , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Биология ғылымдарының кандидаты, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, email: snazarbekova@mail.ru)

А.Ж. Чилдибаева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

PhD, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, email: a.zh.childebaeva@gmail.com)

Т.Б. Рысқали , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

PhD-доктарант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, email: tolganay_0220@mail.ru)

С.А. Манкибаева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, email: mankibaevasanduqash@mail.ru)

М.Х. Нармуратова , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Нармуратова Мейрамгуль Худиретовна - б.ғ.к., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы,Қазақстан,email: Meyramkul.Narmuratova@kaznu.edu.kz)

Жүктелулер

Как цитировать

Алдасугурова, Ч. ., Аметов , А. ., Назарбекова , С. ., Чилдибаева , А., Рысқали , Т. ., Манкибаева , С. ., & Нармуратова , М. . (2025). ІЛЕ АЛАТАУЫ ТҮРГЕН ШАТҚАЛЫНДАҒЫ ROSA POTENTILLIFLORA CHRSHAN. ET. M. POP. КЕЗДЕСЕТІН ӨСІМДІКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ФЛОРАЛЫҚ ҚҰРАМЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 104(3), 21–33. https://doi.org/10.26577/bb202510432

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають