ШЕЛЕК ЖӘНЕ БОРОХУДЗИР ӨЗЕНДЕРІНДЕГІ ҚАБЫРШАҚСЫЗ КӨКБАС GYMNODIPTYCHUS DYBOWSKII БАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЕКТЕНУІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ (БАЛҚАШ БАССЕЙНІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510436
        33 19

Кілттік сөздер:

Түйінсөздер:Балхаш бассейні, Gymnodiptichus dybowskii. қабыршақсыз көкбас, трофология, бентос, планктон

Аннотация

Тұщы су балықтарын зерттеу және сақтау су экожүйелерін тұрақтандыру мен сақтау үшін өте маңызды. Аборигенді балықтардың алуантүрлілігінің тез төмендеуі бүкіл әлемде үлкен қауіп болып табылады, өйткені бұл табиғи қауымдастықтардағы қоректік тізбектер мен заттардың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеледі. Қабыршақсыз көкбас Gymnodiptychus dybowskii - Орталық Азияның тау бөктері мен таулы өзендерінің ең көп таралған түрлерінің бірі. Зерттеуд жұмыстарының мақсаты әртүрлі антропогендік әсерге ұшыраған Балқаш бассейнінің екі өзенінде қабыршақсыз көкбастың қоректенуін салыстырмалы түрде зерттеу болды. Балықты зерттеу үшін аулау мен өңдеудің дәстүрлі ихтиологиялық әдістері қолданылды, морфологиялық анализ балықтың қоректенуімен байланысты 21 пластикалық  белгі негізде жүргізілді. Статистикалық өңдеу универсалды әдіспен жүзеге асырылады, үлгілерді салыстыру үшін негізгі компоненттер әдісі қолданылады.

Қабыршақсыз көкбастың рационында 38 объект анықталды: Шелек өзенінде 37 компонент және Борохудзир өзенінен шыққан балықтарда 30 компонент. Қоректік объектілері-құрттар, шаян тәрізділер, жәндіктердің личинкалары, балдырлар, жоғары су өсімдіктері, детрит, құм, сондай-ақ белгісіз заттар. Бізге белгілі мәліметтерден айырмашылығы, балдырлар алуан түрлілікпен ұсынылған және қоректенудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Салыстырмалы өзендердің популяциялары арасында морфологиялық айырмашылықтар бар. Қабыршақсыз көкбастың биогендік элементтер ағынын реттеудегі және қансорғыш қосқанаттылардың санын тежеудегі маңызды рөлі анықталды.

Авторлардың биографисы

Г.К. Хасенгазиева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Старший преподователь КазНУ имени аль-Фараби, (Алматы, Казахстан, e-mail: g96-17@mail.ru)

Г.К. Мамилов , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Кандитат биологических наук, асс.профессор, КазНУ имени аль-Фараби, (Алматы, Казахстан, e-mail: mamilov@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Хасенгазиева , Г. ., & Мамилов , Г. (2025). ШЕЛЕК ЖӘНЕ БОРОХУДЗИР ӨЗЕНДЕРІНДЕГІ ҚАБЫРШАҚСЫЗ КӨКБАС GYMNODIPTYCHUS DYBOWSKII БАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЕКТЕНУІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ (БАЛҚАШ БАССЕЙНІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 104(3), 75–86. https://doi.org/10.26577/bb202510436