PULMONARIA MOLLIS WULFEN EX HORNEM (BORAGINACEAE JUSS) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫН КЕШЕНДІ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb202510214Кілттік сөздер:
Pulmonaria mollis, аминқышқылдарының құрамы, макро және микроэлементтер, полифенолдар, фитохимиялық заттар, капиллярлық электрофорез, фитопрепараттарАннотация
Дәрілік флораны жаңа биологиялық маңызды компоненттердің болуын зерттеу және өсімдіктердің ықтимал маңызды түрлерін анықтау өсімдік шикізатына негізделген препараттарды жасауда ерекше орын алады. Ресми медицинада дәрілік өсімдіктер көбірек қолданылады және көптеген ауруларды емдеу мен алдын-алуда басымдыққа ие болады [1]. Дәрілік өсімдіктердің ұзақ мерзімді зерттеулері олардан алынған сығындылардың уыттылығы төмен және емдік қасиеттері бар екенін көрсетті, ал биологиялық белсенді заттардың алуан түрлілігі өсімдік препараттарының фармакологиялық әсерінің кең спектрін қамтамасыз етеді. Әдеби деректерге сүйенсек, Pulmonaria mollis Wulfen ex Hornem (жұмсақ медуница) полифенолды қосылыстарға, гликолиздерге, гетероциклді қосылыстарға - аллантоиндерге бай және олардың көпшілігінде айқын антиоксиданттық, бактерияға қарсы және қабынуға қарсы белсенділік бар. Қазақстан Республикасы, Жетісу облысының Алакөл ауданында өсетін Pulmonaria mollis Wulfen ex Hornem (жұмсақ медуница) өсімдігінің жер үсті бөлігіне кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Биогендік элементтердің (Ca, Mg, Fe, Cu) құрамы, таниндердің, флавоноидтардың, бос органикалық қышқылдардың сандық құрамы анықталды. Аминқышқылдарының композициялық профилі анықталып, кверцетин, изорамнетин, рутин, галл, ферул қышқылдары анықталды. Pulmonaria mollis ...