АҒАШ ӨСІМДІКТЕРІ ЖАПЫРАҚТАРЫНЫҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ МЕН КҮЛДІЛІГІ: ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАҒЫ ТЕХНОГЕНДІК ЖҮКТЕМЕНІҢ ИНДИКАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.013Кілттік сөздер:
биоиндикация, тербелмелі асимметрия, техногендік ластану, өндірістік аймақАннотация
Бұл мақала ағаш өсімдіктерінің жапырақ мүшелерінің тіндеріндегі күл элементтерінің таралуының өнеркәсіптік аймақтардағы жапырақ алақандарының тербелмелі асимметриясына әсерін зерттеуге арналған. Зерттеу нысандары – Populus balsamifera, Betula pendula, Acer negundo жапырақтары. Жапырақтары 2023 жылдың вегетациялық кезеңінің соңында жиналды, содан кейін жапырақ алақанының ұзындығы мен ені өлшенді және орташа квадраттық ауытқуы есептелді. Үлгілер арасындағы айырмашылықтардың маңыздылығын бағалау дисперсиялық талдау нәтижелері бойынша анықталды. Күлдің құрамын анықтау муфель пешіндегі жапырақтарды құрғақ күлдендіру әдісімен жүзеге асырылды. Алынған нәтижелер күл көрсеткіштері өскен сайын морфометриялық параметрлердің айтарлықтай ауытқуының тікелей пропорционалды байланысын растайды, оны өнеркәсіптік аймақ жағдайында техногендік ластанудың индикациялық әдісі ретінде пайдалануға болады.