ХРИЗОТИЛДІ АСБЕСТПЕН ӘСЕР ЕТКЕНДЕ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ӨКПЕ ҰЛПАСЫНДАҒЫ ПАРКИН МЕН МИТОФИЛИННІҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Г.С. Айнагулова Жасушалық биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана https://orcid.org/0000-0001-5707-9811
  • А.А. Арипова Жасушалық биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана https://orcid.org/0000-0003-1657-3543
  • О.В. Булгакова Жасушалық биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана https://orcid.org/0000-0003-3272-0638
  • Р.І. Берсімбай Жасушалық биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана https://orcid.org/0000-0002-9671-1178

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.010
        19 8

Кілттік сөздер:

PRKN, IMMT, митохондрия, митохондриалық мембрана, ОБФ, хризотил асбест, митофагия

Аннотация

Жұмыста хризотилді асбест әсерінен Вистар егеуқұйрықтарының өкпе ұлпасындағы паркин (PRKN) және митофилин (IMMT - Inner mitochondrial membrane transmembrane) ақуыздарының құрамы талданған. Тәжірибелік асбестозды жасау үшін трахеяіші арқылы тәжірибелік егеуқұйрықтардың өкпесіне хризотил асбест шаңы, ал бақылау егеуқұйрықтарына тұзды ерітінді енгізілді. Жануарлар үш топқа бөлінді: 1) бақылау; 2) 25 мг дозада асбестпен уланған; 3) 50 мг дозада асбестпен уланған. Асбестті енгізгеннен бастап екі айдан кейін егеуқұйрықтардың өкпелері алынып, гомогенизацияланды. Гомогенаттардағы PRKN және митофилиннің мөлшері ИФТ көмегімен анықталды. Біз егеуқұйрықтардың өкпе ұлпаларындағы хризотил асбесттің әсерінен митохондриялық митофагияны бақылайтын PRKN ақуызы деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалатынын көрсеттік. Асбестпен әсер еткеннен кейін егеуқұйрықтардың өкпе ұлпасының митохондрияларындағы митофилиннің мөлшері бақылау тобымен салыстырғанда төмен болды. Асбест әсерінен митохондриялардың морфометриялық көрсеткіштері туралы бұрын алынған мәліметтер, митохондриялардың ультрақұрылымдық бұзылыстарының дәрежесін бағалауға мүмкіндік беріп, митохондриялық дисфункцияны көрсетті. Бұл нәтижелер бірігіп митохондриялық құрылымның зақымдануы мен тыныс алу кешеніндегі ақаулар арасындағы байланысты растайды. Бұл нәтижелердің жиынтығы митохондриялық құрылымның зақымдануы мен асбестоздың дамуы арасындағы байланысты көрсетеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Айнагулова, Г., Арипова, А., Булгакова, О., & Берсімбай, Р. (2024). ХРИЗОТИЛДІ АСБЕСТПЕН ӘСЕР ЕТКЕНДЕ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ӨКПЕ ҰЛПАСЫНДАҒЫ ПАРКИН МЕН МИТОФИЛИННІҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 100(3), 118–126. https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.010

Шығарылым

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ