DANIO RERIO ЭМБРИОГЕНЕЗІНЕ НИТРАТТАР МЕН НИТРИТТАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Д.Д. Кожахметова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,Қазақстан, Алматы
  • Д.Т. Чекимбаева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,Қазақстан, Алматы
  • A.M. Тленшиева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,Қазақстан, Алматы
  • T.M. Шалахметова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2023.v96.i3.012
        155 108

Кілттік сөздер:

экология, зебрафиш, нитраттар, нитриттер, эмбриотоксинділік, тератогенділік, гистоқұрылым

Аннотация

Әртүрлі қауіпті факторлардың және антропогендік қысымның әсерінен қоршаған ортаның ластану деңгейінің артуы Қазақстанның табиғи ресурстарының тұрақты экологиялық жағдайын қиындатады және төмендетеді. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның жай-күйі туралы бюллетеніне сәйкес 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында су айдындарындағы кальций мен натрий нитратының және нитрит иондарының мөлшері тиісінше 13,5 және 7,5%-ға өсті, яғни олардың нақты концентрациясы фондық деңгейден асып түсті. Сонымен қатар, нитрат пен нитрит иондарының деңгейі су айдындарында ғана емес, Қазақстан Республикасының атмосфералық ауасы мен топырағында да асып түсетіні анықталды. Оған қоса, зерттелетін су объектілерінде биологиялық алуантүрлілік пен су организмдерінің санының төмендеуі байқалды, бұл нитрат-нитритпен ластанумен және жас организмдерге токсикалық әсер етумен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты нитраттар мен нитриттердің Danio rerio эмбриогенезіне әсерін зерттеу болып табылды. Басқа сынақ объектілерімен салыстырғанда бұл объектіні таңдау зерттеуге кететін шығындардың төмендігімен, эмбриогенез кезеңдерінің жылдам ілгерілеуімен, эмбрион қабықшасының мөлдірлігімен және сәтті визуалды бақылау үшін эмбриондардың салыстырмалы түрде кішкентай өлшемімен түсіндіріледі. Алынған нәтижелеріміз негізінде кальций нитраты мен натрий нитритінің эмбриотоксикалық және тератогенді әсері анықталды, бұл ақыр соңында балықтардың өліміне әкеледі.1, 10 және 100 ШРК концентрациясында кальций нитраты мен натрий нитритінің әсері дозаға тәуелді эмбриондық өлімді тудыратыны көрсетілген, оның ішінде, натрий нитритінің әсерінен көбірек дәрежеде. Тірі қалған дернәсілдерде тератогенді бұзылыстар эмбрионның сарыуыз қапшығы мен жүрек перикардының ісінуі, қаңқаның қисаюы және дене ассиметриясы, көз торының ісінуі, ауыз қуысы мүшелерінің аномальды түрде қалыптасуы түрінде анықталды. Алынған мәліметтер экология, экотоксикология және су организмдерінің биоалуантүрлілігін сақтау саласында теориялық және практикалық маңызы бар. Белгілі бір дәрежеде олар табиғатта кең таралған нитраттар мен нитриттердің токсикалық әсері туралы білімді кеңейтеді, сонымен қатар ластанған су объектілерін биоиндикациялау үшін сынақ объектілері ретінде Danio rerio эмбриондары мен дернәсілдерін пайдалану қажеттілігін растайды.

Библиографиялық сілтемелер

Acute aquatic toxicity: Zebrafish Embryo Acute Toxicity Test (ZFET), OECD. – Electron. Data. - Mode of access: https://joint-research-centre.ec.europa.eu/

Avdesh A. Regular Care and Maintenance of a Zebrafish (Danio rerio) Laboratory: An Introduction, J Vis Exp. – 2012. –Vol. 69.

Bioindication and biotesting in environmental protection: textbook / SPbGTURP. - St. Petersburg. – 2012. – P. 67.

Ellett F. and Lieschke G.J. Zebrafish as a model for vertebrate hematopoiesis, Australia. – 2010. – Vol. 10. – P. 563–570.

European Food Safety Authority (EFSA) rules on competing interest management. – 2017.

Keshari V., Adeeb B., Simmons A. E., Simmons T. W., Diep C. Q. Zebrafish as a Model to Assess the Teratogenic Potential of Nitrite. – 2016. № 108. – P. 5.

National report on the state of the environment and on the use of natural resources. Status of water resources of the republic of Kazakhstan. – 2016. – P. 10.

National report on the state of the environment and the use of natural resources in the Republic of Kazakhstan for 2021. – P. 14.

Nemade K., Attarde S. Development and validation of UV spectrophotometric method for simultaneous estimation of nitrate and nitrite in water, soil, drug and vegetable samples, International Journal of Advanced Chemistry. – 2014. – Vol. 2. – P. 74-79.

Newsletter on the state of the environment of the Republic of Kazakhstan, September. – 2022. – P. 13-21.

Newsletter on the state of the environment of the Republic of Kazakhstan, September. – 2021. – P. 12-16.

Newsletter on the state of the environment of the Republic of Kazakhstan, June. – 2022. – P. 11-16.

Nizhnevart Publishing House. state un-ta. Biotesting as a modern method for assessing the toxicity of natural and waste waters: Monograph. – Nizhnevartovsk.– 2013. – P. 119.

Order of the Chairman of the Water Resources Committee of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on December 13. – 2016. № 14513.

Scientists from the Agency for Toxic Substances and Disease Registry (ATSDR) (2015) Agency for Toxic Substances and Disease Registry: Nitrate/Nitrite Toxicity, September. – 2015. – P. 3-16.

Simmons A.E., Karimi I., Talwar M. and Simmons T.W. Effects of Nitrite on Development of Embryos and Early Larval Stages of the Zebrafish (Danio rerio). – 2012. – Vol. 9, № 4

Simonetti R.B., Marques L.S., Streit Jr D.P., Oberst E.R. Zebrafish (Danio rerio): the future of animal model in biomedical research. – 2015. – Vol. 9.

Sobanska M., Scholz S., Nyman A., Cesnaitis R., Gutierrez Alonso S., Kluver N., Kuhne R., Tyle H., Knecht J., Dang Z., Lundbergh I., Carlon C. and De Coena W. Applicability of the Fish Embryo Acute Toxicity (FET), Test (OECD) in the Regulatory Context of Registration, Evaluation, Authorisation, and Restriction of Chemicals (REACH), Environmental Toxicology and Chemistry. – 2018. - Vol 37. № 3. – P. 657–670.

Strong R., Martin F. L., Jones K. C., Shore R. F. & Halsall C. J. Subtle effects of environmental stress observed in the early life stages of the Common frog, Rana temporaria. – 2017. № 44438.

The danger of nitrates and nitrites. – Electron. Data. – Access mode: https://alfafiltr.com/opasnost-nitratov-i-nitritov.html

Tlenshieva, A.M., Witeska M., Shalakhmetova, T.M. Genotoxic and histopathological effects of the Ili River (Kazakhstan) water pollution on the grass carp (Ctenopharyngodon idella), Environmental Pollutants and Bioavailability. – 2022. – P. 297-307.

U.S. Agency for Toxic Substances and Diseases Registry. "Case Studies in Environmental Medicine: Nitrate/Nitrite Toxicity" ATSDR, Division of Toxicology and Human Health Sciences, Atlanta, GA. – 2001.

World Health Organization. "International Program on Chemical Safety, Environmental Health Criteria 5: Nitrates, Nitrites, and N-Nitroso Compounds". – 2006.

World Health Organization. Guidelines for drinking-water quality. Addendum to Vol. 2. Health criteria and other supporting information. – 2003. – Vol. 2. – P. 313-320.

World of tails and poisoning of aquarium fish. – 2019. - Electron. Data. – Access mode: https://www.hvoost.ru/mirhvostatyh/articles/otravleniya_akvariumnykh_rybok/

Zhukova A.A., Mastitsky S.E. Bioindication of the quality of the natural environment, Minsk: BGU. – 2014. – P. 112.

Жүктелулер

Как цитировать

Кожахметова D. ., Чекимбаева D. ., Тленшиева A. ., & Шалахметова T. . (2023). DANIO RERIO ЭМБРИОГЕНЕЗІНЕ НИТРАТТАР МЕН НИТРИТТАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 96(3), 142–150. https://doi.org/10.26577/eb.2023.v96.i3.012