БИЕ ЖӘНЕ ТҮЙЕ СҮТІНЕН АЛЫНҒАН ТӨМЕН МОЛЕКУЛАЛЫ ПЕПТИДТЕР НЕГІЗІНДЕГІ ИММУНОСТИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ӨНІМНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb1061202611

Ключові слова:

бие сүті, түйе сүті, төмен молекулалы пептидтер, иммуностимуляция, антиоксиданттық белсенділік, липидтердің асқын тотығуы, физикалық жүктеме, функционалдық тағам

Анотація

Зерттеудің мақсаты – бие және түйе сүтінен бөлініп алынған төмен молекулалы пептидтер негізінде иммуностимуляциялық қасиеті бар арнайы өнім әзірлеу және оның тиімділігін бағалау. Өнім антиоксиданттық және иммуномодуляциялық әсері бар биологиялық белсенді компоненттермен байытылды. Клиникалық зерттеуге 30-45 жас аралығындағы 20 ерікті қатысты, олар бақылау және тәжірибелік топтарға бөлінді. Қатысушылар 20 күн бойы тәулігіне 90 г өнім қабылдап, тұрақты физикалық жүктеме орындады. Гуморальдық және жасушалық иммунитет көрсеткіштері (IgG, IgA, IgM, Т- және В-лимфоциттер), липидтердің асқын тотығу өнімдері (МДА, диендік конъюгаттар) және антиоксиданттық қорғаныс жүйесінің белсенділігі (каталаза, супероксиддисмутаза, жалпы антиоксиданттық белсенділік, А, Е, С витаминдері) анықталды.

Нәтижелер физикалық жүктеме бақылау тобында иммуноглобулиндердің төмендеуіне және тотығу стрессінің күшеюіне алып келгенін көрсетті. Ал тәжірибелік топта арнайы өнімді қолдану IgG, IgA және IgM деңгейлерінің жоғарылауына, Т- және В-лимфоциттер санының артуына, липидтердің асқын тотығу өнімдерінің төмендеуіне және антиоксиданттық ферменттердің белсенуіне ықпал етті.

Алынған нәтижелер бие және түйе сүтінен алынған төмен молекулалы пептидтердің айқын иммуностимуляциялық және антиоксиданттық әсерін дәлелдейді және оларды функционалдық және профилактикалық тағам өнімдерін әзірлеуде қолданудың ғылыми негізін қалыптастырады.

Біографії авторів

  • автор Ю.А. Синявский, афіліація «Қазақ тамақтану академиясы» ЖШС, Алматы, Қазақстан

    Синявский Юрий Александровичбиология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті (Алматы, Қазақстан, e-mail: sinyavskiy@list.ru).

  • автор М.А. Абдулжанова, афіліація «Қазақ тамақтану академиясы» ЖШС, Алматы, Қазақстан

    Абдулжанова Малика Анварбеговна – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: malika_81_@mail.ru).

  • автор О.В. Долматова, афіліація «Қазақ тамақтану академиясы» ЖШС, Алматы, Қазақстан

    Долматова Оксана Викторовнабиология ғылымдарының докторы, Қазақ тамақтану академиясының аға ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, e-mail: dolmatova1967@mail.ru).

  • автор Е.Н. Омаров, афіліація «Қазақ тамақтану академиясы» ЖШС, Алматы, Қазақстан

    Омаров Ержан Нурлановичмагистр, Қазақ тағамтану академиясының ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, e-mail: yerzhan_omarov@mail.ru).

  • автор Д.Н. Туйгунов, афіліація «Қазақ тамақтану академиясы» ЖШС, Алматы, Қазақстан

    Туйгунов Диляр Нурдуновичмагистр, Қазақ тағамтану академиясының ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, e-mail: dilyar117@gmail.com).

  • автор А.А. Дарвиш, афіліація «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы, Қазақстан

    Дарвиш Ахмад Абдимедицина ғылымдарының кандидаты, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы хирургия және топографиялық анатомия кафедрасының ассистенті (Алматы, Қазақстан, e-mail: darwich_10@mail.ru).

Завантаження

Опубліковано

2026-03-20

Номер

Розділ

ФИЗИОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА И ЖИВОТНЫХ

Як цитувати

БИЕ ЖӘНЕ ТҮЙЕ СҮТІНЕН АЛЫНҒАН ТӨМЕН МОЛЕКУЛАЛЫ ПЕПТИДТЕР НЕГІЗІНДЕГІ ИММУНОСТИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ӨНІМНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ. (2026). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 106(1), 111-120. https://doi.org/10.26577/bb1061202611

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають