Простатаның қатерлі ісігінің дамуына қатысты гендер мен microRNA әрекеттесуі
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-1-1315Кілт сөздер:
microRNA, mRNAАңдатпа
Простатаның қатерлі ісігінің дамуына жауапты кандидатты гендер мен микроРНҚ-ға ізденіс жүргізілді. Деректер базасы құрылды, оның құрамында простатаның қатерлі ісігінің дамуына байланысты 67 гендер бар. Осы гендердің қызметтері салыстырмалы аспектісінде талданды. Кейбір гендер простатаның қатерлі ісігіне арнайы болып келеді, ал көптеген гендер түрлі онкологиялық ауруларға қатысады. ASAH1, AURKA, BMI1, EPHB2, GBX2 гендердің экспрессиясы простатаның қатерлі ісігі жасушаларының өсуіне әкеледі және ықтимал осы қатерлі ісігінің терапевтикалық нысаналары бола алады. Простатаның қатерлі ісігінің дамуына байланысты микроРНҚдың деректер базасы құрылды. Простатаның қатерлі ісігінің дамуына байланысты гендер мен miRNA байланысуының ерекшеліктері анықталды. Жүргізілген есептеулер бойынша простатаның қатерлі ісігінің дамуына байланысты 67 гендердің мРНҚ тоғыз miRNA-ды байланыстырады, ΔG/ΔGm мәні 90% астам. Сайттар CDS, 5'UTR және 3'UTR-де орналасқан. Простатаның қатерлі ісігінің дамуына байланысты кейбір miRNA бірнеше нысана гендермен байланысады. miR-619-5p, miR-574-3p, miR-3960, miR-1285-3p үшін ΔG/ΔGm- мәні 90%-дан асатын бірнеше сайттар анықталды. miR-619-5p үшін XIAP геннің мРНҚ-да ΔG/ΔGm мәні 100% тең, байланысу энергиясы 121 kJ/m тең байланысу сайттары бар. miR-619-5p простатаның қатерлі ісігінің дамуына байланысты AURKA, BRCA1, FMN1, IL10, MYO6, UHRF1BP1 гендердің мРНҚ ΔG/ΔGm мәні 98% тең жағдайда байланысады.
Түйін сөздер: простатаның қатерлі ісігі, ген, microRNA, mRNA, диагностика.








