Алматы облысынының экожүйесінде өсетін шырғанақ өсімдігі ризосфера микробоценозының құрамын зерттеу

Авторлар

  • G. D. Ultanbekova Микробиология және вирусология институты ҚР БҒМ ҒК, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • L. P. Trenozhnikova Микробиология және вирусология институты ҚР БҒМ ҒК, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • A. S. Balgimbaeva Микробиология және вирусология институты ҚР БҒМ ҒК, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • R. Sh. Galimbaeva Микробиология және вирусология институты ҚР БҒМ ҒК, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • Zh. Baydyldaeva Микробиология және вирусология институты ҚР БҒМ ҒК, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • A. A. Nysanbayeva Микробиология және вирусология институты ҚР БҒМ ҒК, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • G. M. Salkhozhaeva Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Астана қ.

Кілт сөздер:

актиноризді өсімдіктер, шырғанақ, микробоценоз, хемоорганотрофтар, олиготрофтар, актиномицеттер,

Аңдатпа

Алматы облысынының экожүйесінде өсетін, шырғанақ өсімдігі ризосфера микробиоценозының құрамы зерттелді. Жасалған зерттеу көрсеткіштері бойынша талқыласақ, шырғанақтың ризосферасында әртүрлі эколого-трофикалық микроағзалар тобы кездеседі, басым бөлігін хемоорганотрофтар - 1,2·107-1,3·108 КТБ/г топырақта,  актиномицеттер - 1,5-7,7·105 КТБ/г топырақта  және олиготофтар - 6,7·105 -3,0·106 КТБ/г топырақта кездеседі. Әртүрлі зерттелген топырақ түрлерінде өсетін шырғанақ өсімдігінің ризосферасында әртүрлі актиномицеттердің сандық құрамының артқаны байқалады, түрлі-түсті актинмицеттер сериясына жататын  Violaceus, Ruber и Coerulescens түрлері кездесті.

Актиноризді өсімдіктердің тамырында түйнектер түйетін Frankia туысына жататын актиномицеттер атмосферадағы азотты сіңіріп, топырақты және бұталы өсімдіктерді азотпен құнартады. Сонымен қатар актиноризді өсімдіктер азоттың топырақтағы айналысын белсендетіп құнарын арттырады. Бүлінген топырақтарды азотпен құнарландыру Frankia туысымен симбиозды тіршілігі басқа өсімдіктердің жақсы өсуіне себебін тигізеді. Бұл, топырақ микробоценозына және шаруашылық-құнды өсімдіктердің өнімділігіне жақсы әсерін тигізеді. Шырғанақ  Frankia туысына жататын актиномицеттермен симбиоз құратындықтан және топырақты азотпен құнарлайтын қасиетіне байланысты олардың ризосферасындағы және бақылау топырақтар мен салыстырғанда қаншалықты бос азотсіңіргіштердің кездесетінін білу осы аталып отырған жұмысқа қажет болды.  Шырғанақтың ризосферасында кездесетін Azotobacter құрамы 20-80%, бақылау үлгілерінде  8-50% құратындығы анықталды.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

МИКРОБИОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары