Микросателлитті маркерлерді қолдану арқылы сұлының әлемдік коллекциясын генотиптеу
Кілт сөздер:
сұлы, әлемдік коллекция, генетикалық алуантүрлілік, ДНҚ-маркерлер,Аңдатпа
Сұлы (Avena sativa L.) маңызды тағамдық және малазықтық дақыл болып табылады. Аталған маңызды ауылшаруашылық дақылының сорттарының және олардың жабайы тұқымдастарының генетикалық алуантүрлілігін зерттеу өсімдіктердің генетикалық ресурстарын оңтайлы сақтау және оны тиімді пайдаланудағы маңызды қадам екендігі сөзсіз. Қазақстан мен Американың және Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің селекциясының 163 сорттары мен линияларынан құралған сұлының Avena sativa L. и Аvena byzantina c. Koch., коллекциясы 19 микросателлитті маркерлерді қолдану арқылы талданды. Зерттеу жұмысына барлығы 27 микросателлитті маркер қолданылса, соның 19–ы зерттеліп жатқан коллекцияның ішінде полиморфизм көрсетті. Коллекция үлгілерінің генетикалық алуантүрлілігін талдау PopGene және GenAlEx 6.5 программалараның көмегімен жүзеге асты. Барлығы 86 аллель анықталды және орта есеппен бір локусқа 4,5 аллельден келіп және оның ішінде тиімді аллельдер саны 2,6 тең болды. Аллельдер саны бір локусқа 2-ден (АМ25) 8-ге дейін (АМ3) өзгеріп отырды. Барлық коллекция үшін және жекелеген аймақтар үшін Шеннон және Нейдің генетикалық алуантүрлілігінің индексі есептелді. Сұлының барлық коллекциясы үшін аталған көрсеткіштердің мәні сәйкесінше 1,002 және 0,532 тең болды. Қазақстан мен Шығыс Еуропа сұлысының коллекциясының сорттары мен перспективті линиялары үшін Нейдің генетикалық алуантүрлілігінің мәні өте жоғары болды (0,525±0,047, 0,521±0,052); PIC (0,4783±0,036 және 0,4702±0,043). Талдау, Қазақстан мен Солтүстік және Оңтүстік Американың, Солтүстік, Шығыс және Батыс Еуропаның сұлысының популяцияларын нақты дифференцияциялауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер Қазақстанның әртүрлі аймақтарында сұлының төзімділігі мен өнімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларда селекционерлермен бірге қолданылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Микросателлитті маркерлерді қолдану арқылы сұлының әлемдік коллекциясын генотиптеу. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 66(1), 134-143. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1168








