Отандық және шетелдік тары коллекциясының дәніндегі амилоза мөлшеріне биохимиялық скрининг
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-3-1342Аңдатпа
Амилоза мөлшері астықтұқымдастардың дән сапасының маңызды биохимиялық көрсеткіштері болып табылады. Зерттеу жұмысында 112 отандық және шетелдік (Ауғанстан, Бельгия, Венгрия, ҚХР, Кaнaдa, Үндістан, Ирaн, Мексика, Пәксітан, РФ, АҚШ, Түркия, Украина, Фрaнция) тары коллекциясының дәніндегі амилозаның сандық мөлшеріне жүргізілген биохимиялық скринингтің нәтижелері көрсетілген. Алынған нәтижелер бойынша тары коллекциясының шартты жіктелуі жасалды. Зерттеу нәтижелері зерттелінген үлгілердің амилоза мөлшері бойынша әртүрлі және оның мөлшері 5,5-34,90% аралығында болатынын көрсетті. Отандық үлгілерде амилозы мөлшері 14,6-34,8% дейін ауытқыды. Төмен амилоза мөлшері К-3742, PI 436626 (Lung Shu 18), PI 436625 (Lung Shu 16) және Ma zha Yan үлгілерінде анықталды, орташа шамамен 5,5-5,9% көрсетті. Бөлініп алынған үлгілер тарының глютирнозды сорттарын шығаруда құнды генетикалық материал болып табылады және олар ары қарайғы селекциялық жұмыстарда қолданылады. Шартты жіктелу негізінде зерттеу үлгілерінің 68%-да амилоза мөлшері 25%-дан жоғары, 23%-ын орташа амилозалы (15-25%), тек 5% және 4%-ын төменамилозалы (6-15%) және глютинозды (6%-ға дейін) топтар сәйкесінше құрды.
Түйін сөздер: тары, коллекция, амилоза, скрининг, классификация.








