ITS-маркерін қолдану арқылы Баянауыл жəне Бурабай ұлттық саябақтарында кездесетін өсімдік флорасын идентификациялау жəне филогенетикалық сараптамасын жүргізу
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-1-1312Аңдатпа
Биологиялық материалдарды идентификациялау үшін əмбебап ДНҚ-штрихкодтарды қолдану кеңінен таралған. Қазіргі кезде, Солтүстік Қазақстан флорасының таксономиялық деңгейде (туыс, түр жəне түрасты) генетикалық алуан түрлілігіне ДНҚ-маркерлерді қолдану арқылы зерттеулер жүргізілмеген. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау және сандық есебін жүргізу үшін бірыңғай электрондық дерекқорды қажет етеді.
Берілген жұмыстың мақсаты, ITS-маркерін қолдану арқылы Баянауыл жəне Бурабай Ұлттық Саябақтарында кездесетін өсімдік флорасын түрге дейін идентификациялау жəне филогенетикалық сараптамасын жүргізу болып табылады. Бастапқы материал ретінде 2015-2017 жж. мамыр-шілде айларында Баянауыл (90 түр) жəне Бурабай (69 түр) Ұлттық Саябақтарынан жиналған өсімдік материалдар қолданылды.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, екі ұлттық саябақтардың эндемикалық және сирек кездесетін өсімдіктерінің түр идентификациясы жүргізілді. Бұршақ (Fabaceae) тұқымдас өсімдіктердің генетикалық алуан түрлілік деңгейі бағаланды. Бұршақ тәрізді ноғаттықтың (Lathyrus pisiformis), жатаған беденің (Trifolium repens), сары жоңышқаның (Medicago falcata), әсем кекектің (Oxytropis floribunda), орал миясының (Glycyrrhiza uralensis Fisch.) филогенетикалық сараптамасы бойынша өсімдіктер 5 туыстан, тұқымдастар 2 кластерге жіктелді. Казак аршасының (Juniperus sabina L.) түрішілік генетикалық алуан түрлілігінің деңгейі популяция түріне байланысты 2 кластерастын құрастырды, Таджима индексінің көрсеткіші 1.183269. Осылайша, систематиканың классикалық тәсілдері мен молекулярлық-генетикалық тәсілдердің негізінде эндемикалық, сирек кездесетін, жойылу қаупі төнген, жабайы және шаруашылықта құнды өсімдік түрлеріне электрондық дерекқор құрастыруға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: Баянауыл ҰМТС, Бурабай ҰМТС, флора, ДНҚ-генотиптеу, ITS








