Үрмебұршақ университет коллекциясы және оның аминқышқылдық құрамы
Кілт сөздер:
Кәдімгі үрмебұршақ;, отандық сортүлгілер;, коллекция;, аминқышқылдық құрамы; кластерлі талдау., Phaseolus vulgaris L.Аңдатпа
Алты жергілікті және шетелдік кәдімгі үрмебұршақ Phaseolus vulgaris L. сорт үлгілерінің тұқым сығындылары жоғары тиімді сұйық хроматографияда аминқышқылдық құрамын анықтау үшін алынды. Зерттелген сортүлгілері мен линияларын Осборн бойынша құрамында негізгі белоктар бөлігін глобулиндерге және альбуминдерге топтастыруға болады.Тұқымның негізгі фракциялары глутамин (3980-2082 мг/100 г) мен аспартат қышқылдарынан (2806-1045 мг/100 г), сондай-ақ аланин (1405-928 мг/100 г) және пролин (1273-694 мг/100 г). амин қышқылдарынан тұрды. Отандық сортүлгілері шетелдік аналогтарға қарағанда глутамат құрамы бойынша 91% астам, аланиндық құрамы - 51%-дан астам, пролин -83% артық көрсеткіш көрсетті. Отандық линияларда шетелдік аналогтармен салыстырғанда кетогенді амин қышқылдары әлдеқайда аз мөлшерде екені анықталды, сондықтан жергілікті сортүлгілерін диабет ауруын емдеуге арналған ең төменгі деңгейде кетондық денелер жинақтайтын өнімдер шығаруға ұсынуға болады. Барлық амин қышқылдарының құрамының алмастырылмайтын амин қышқылдары 27,5-29,8% құрайтыны көрсетілді. Жергілікті сортүлгілерінің құрамы метионин және цистеин (335-350 мг / 100 г және 55-62 мг / 100 г, тиісінше) сияқты жоғары концентрациялы күкірті бар амин қышқылдарына бай болды. Сонымен қатар «Ақтәтті» сорты лизинмен (410 мг / 100 г) құнарландырылған болып шықты.








