Жұмсақ бидайдың Triticum aestivum және жабайы астық дақыл Brachypodium distachyon өсімдігінің өнімділік элементтеріне және дәндегі белок мөлшеріне Puccinia recondita әсерін салыстырмалы зерттеу
Кілт сөздер:
Brachуpodium distaсhyon, жұмсақ бидай, қоңыр жапырақ таты, төзімділік, өнімділік элементтері,Аңдатпа
Қазіргі заманғы өсімдіктердің ауруларын бағдарлау патогенездің заңдылықтары оның сыртқы орта факторларына әсерін зерттеу нәтижелеріне негізделген. Жұмсақ бидай өсімідіктерінің төзімділігінің генетикалық негізін зерттеу, төзімділік генін табу, төзімді сорттарды алу және оларды селекциялық тәжірибеге енгізу бидайдағы қауіпті аурулардың бірі қоңыр жапырақ татының таралуын алдын алуға болатын мүмкіндіктер арта түседі.
Жұмыстың мақсаты – қоңыр жапырақ татының қазақстандық селекциясының жаздық жұмсақ Казахстанская 19, Казахстанская раннеспелая сорттары мен жаңа модельдік объект Brachуpodium distaсhyon дәнінің белок мөлшері мен өнімділік элементтеріне әсерін және олардың байланысын бағалау.
Биотикалық стрестің өнімділік элементтеріне салыстырмалы талдау нәтижелері Puccinia reconditaның жаңа модельдік объект Brachуpodium distaсhyon және Казахстанская 19, Казахстанская раннеспелая сорттарының статистикалық сенімділікте барлық өнімділік элементтерін төмендететінін көрсетті. Жергілікті селекцияның Казахстанская 19, Казахстанская раннеспелая жұмсақ бидай сорттары мен B.distaсhyon жабайы дақылдың қоңыр жапырақ татымен зақымдану кезінде дәндеріндегі белок мөлшері өзгермеген.








