Ауыл шаруашылығы үшін биологиялық өнімді құрайтын, Streptomyces тектес штамдарын өсіру жағдайларын оңтайландыру
Кілт сөздер:
стрептомицет, антифунгалды белсенділік, өсуді тездететін әсер, астық дақылдары,Аңдатпа
Өсімдік шаруашылығына арналған препараттың құрамына кіретін Streptomyces candidus ИМВ 37 және Streptomyces canofumeus ИМВ 541 штамдары 10 органикалық және синтетикалық қоректік орталарда биомассалары өсіріліп, биологиялық белсенді заттарының биосинтезі зерттелді. Стрептомицеттер штамдарының өсуіне қоректік орталардың құрамының айтарлықтай әсері бар екендігі және биологиялық белсенді заттардың құралу деңгейі анықталды. Зерттеліп отырған стрептомицет штамдарының биомассасы, соя ұны қосылған органикалық қоректік ортада жақсы өседі. Ең қолайлы орта сұлы ұны қосылған №8 қоректі орта екендігі анықтылды. Streptomyces canofumeus ИМВ 541 штамының биомассасы №8 қоректі ортада жақсы өсетіндігі анықталып, 45,8 г/л деңгейді көрсетті, дақылдық сұйықтық жоғары антифунгалды белсенділікті көрсетті (тест-ағзалардың тежелу аймағы 31-32 мм), биомасса сығымының тежелдендіру аймағы (36 мм) құрды. Streptomyces candidus ИМВ 37 штамын №8 қоректі ортада өсіргендегі дақылдық сұйықтығы бидай тұқымының өсу қуатын 26,6%, зертханада зерттегендегі өнімін 20,0 %, көшеттің бойының ұзындығын 2,2 есеге, тамырының ұзындығын 2,0 есеге, өсімдіктің шикі салмағын 1,9 есеге артатындығы анықталды.








