Қазақстандық жұмсақ жаздық бидай сорттарын дән сапасының көрсеткіштері бойынша фенотиптеу

Авторлар

  • A. I. Abugalieva Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы облысы, Алмалыбақ а.
  • S. I. Abugalieva Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы
  • V. A. Chudinov Қарабалық ауылшаруашылық станциясы, Қостанай облысы, Научное a.
  • Y. K. Turuspekov Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы

Кілт сөздер:

жұмсақ жаздық бидай, дән сапасы, дәннің қаттылығы, протеин құрамы, глиадин, глютенин, ұлпа, седиментация,

Аңдатпа

Қазақстан жер аумағы бойынша тоғызыншы орында және әлемдік нарықта дәнді дақылдардың негізгі өндірушісі боып табылады. Осыған орай жоғары сапалы дәнді өндірістің, соның ішінде стратегиялық және экспорттық маңызды дәнді дақылдың, яғни жұмсақ бидайдың тұрақты ұлғаюы бүкіл әлемда ғана емес, сонымен қатар мемлекет ішіндегі сауда саттық қауіпсіздік бағыты аса маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасы аумағында қндірістік қолдануға рұқсат берілген және келешегі зор 96 сорттан тұратын Triticum aestivum L. жұмсақ бидайының әлемдік коллекциясы дән сапасының көрсеткіштері: дәннің қаттылығы, құрамындағы протеинмен ұлпа фракциялары (глиадин және глютенин), глютениннің ЖМС және ТМС  құрамы, 1B/1Rтранслокациясы, ұлпа сапасы мен мөлшері, болмыстық массасы, дәннің жылтырлығы, ұн седиментациясы, крахмалдың болуы және  төмендеу көрсеткіші бойынша сараланған. Конкурстық және экологиялық (халықаралық) сынау деңгейінде сорттарды сипаттау үшін  көрсеткіштер мен сапа белгілерінің сипаттамалары, бағалау жүйесі мен бидай селекциясында дән сапасының түсіндірмелері, дән сапасының  және оны қайта өңдеу өнімдерінің әдістерімен стандарттары келтірілген. Зерттелген жаздық жұмсақ бидай топтамасы ылғалданған жағдайда дән сапасы протеин құрамы бойынша «күшті», дәннің жылтырлығымен седиментациясы бойынша «құнды» және қлпа сапасы бойынша тұрақсыз классымен сипатталды. Қостанай облысында (Қарабалық АШТС) өсірілген жаздық бидай топтамасының көп жылдық мәліметтері бойынша алынған нәтижелер дән сапасының кеі ауқымды көрсеткіштерге тән екендігін кқрсетеді. Алынған нәтижелер аса маңызды және жұмсақ бидай сапасынын карталауда қолданылады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>