Практикалық маңызды полиқанықпаған май қышқылдары бар микроорганизмдердің селекциясы
Кілт сөздер:
микроорганизмдер, полиқанықпаған май қышқылдар, май қышқылдық құрам, газдық хроматография, продуценттер.Аңдатпа
Биологиялық жүйлерде маңызды рөл атқаратын полиқанықпаған май қышқылдары органикалық қосылыстардың бірегей классы болып табылады. Бұл қышқылдар метаболикалық айналысы кезінде ағзаның көптеген жүйелеріне әсер етеді, ал олардың туындылары түрлі қосылыстарды өндіру үшін пайдаланылады.
Сүтқоректілердің ағзасында полиқанықпаған май қышқылдары de novo синтезделмегендіктен олар сырттан келіп түсу керек. Қазіргі кезде полиқанықпаған май қышқылдарының көзі ретінде өсімдік шикізаты мен теңіз өнімдері қолданылады. Алайда балық қоры, өсімдіктерді егетін жерлердің азайғандықтан, жаңа полиқанықпаған май қышқылдарының көздерін табу өзекті мәселе болып табылады. Қарапайым қоректік орталарда жоғары өсу жылдамдылығы, липид және жеке полиқанықпаған май қышқылдарының түрлерін көп мөлшерде жинақтау мүмкіндігі және сондай-ақ олардың метаболизмдерімен басқару мүмкіндіктеріне байланысты липидтер және полиқанықпаған май қышқылдарының перспективті өндірушілері ретінде микроорганизмдер болып табылады.
Жұмыста Қазақстанның суы мен топырағынан алынған мицелиалды санырауқұлақтар, ашытқылар және бактериялардың липидтік және май қышқыл құрамы зерттелді. Зерттелген микроорганизмдердің құрғақ салмағынан 4,3 тен 15,1% липидтер құрайды, сонымен қатар құрамында практикалық маңызы зор полиқанықпаған май қышқылдар: линол, α- және γ-линолен, эйкозопентаен екені бар екені анықталды. Липидтер және полиқанықпаған май қышқылдарының перспективті продуценттер ретінде мицелиялықсанырауқұлақтар Petromyces alliaceu, Mucor circinelloides, Rhodotorula mucilaginose, ашытқылары Auerobasidium commune, Yarrowia lipolytica бөлініп алынды. Олар практикалық маңызы зор полиқанықпаған май қышқылдар препараттарын алу технологиясында ұсынылуы мүмкін.








