miRNA мен адамның жүрек және қан тамырлары ауруларының кандидаттық гендерiнің mRNA-ларымен өзара әрекеттесуінің сипаттамалары

Авторлар

  • I. Pinskiy Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. Labeit Гейдельберг университеті, Германия, Маннгейм қ.
  • D. Labeit Гейдельберг Университетінің Медициналық орталығы, Германия Федеративтік Республикасы, г. Мангейм
  • A. Ivashchenko Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кілт сөздер:

miRNA; mRNA; кандидат гендер; миокардтің инфарктісі; жүректің ишемиялық ауруы; гипертония; атеросклероз; метаболизмдік синдром

Аңдатпа

6271 адамның miRNA-лары және 74 кандидат гендерінің mRNA-лары байланысуы зерттеген. Бұл гендер, бәлкім, миокардтің инфарктісі, жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, атеросклероз және метаболизмдік синдромның дамуында шешуші рөлдi атқарады және әр түрлі функцияларды орындай алады. Олар жүрек және қан тамырлары ауруларының диагностикалык биомаркерлер болуы мүмкін. Алған нәтижелер арасында, байланысудың энергиясын, ∆G/∆Gm көлемiн және mirna ұзындығын ескере отырып, біз осы гендердің mRNA-ларында 438 miRNA байланысуының сайттарын таңдадық. Жүректің ишемиялық аурусының кандидаттық гендерiнің mRNA-ларында miRNA байланысуының сайттарының ең үлкен саны (155) табылған. Тек қана төрт гендерiнің mRNA-ларында 100% ΔG/ΔGm көлемiмен miRNA байланысуының сайттары бар. Бұл жүрек тропомиозиннің TPM1 генi, жүрек GATA5 және NKX2-5 транскрипциялық факторларларының гендерi және қан ұюының F2 факторы (протромбин). Зерттеген гендер арасында GATA4, NKX2-5, TTN, LDLR және PPARGC1A гендерiнің mRNA-ларында miRNA байланысуының сайттарының ең үлкен саны бар. miRNA-лар ишемиялық ауруының дамуына байланысты гендердің экспрессиясын басқа мақалада талқыланған жүрек-қан тамырлары ауруларының гендерiне қарағанда күштірек реттейді. Біздің нәтижелерiмiздің негiзiнде деген қорытынды жасауға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-01-01

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары