Радиация әсеріне ұшыраған адам организмінде антиоксидантты реакцияға қатысатын гендер полиморфизмін зерттеу

Авторлар

  • E. М. Khussainova ҚР БҒМ ҒК «Жалпы генетика және цитология институты» Алматы, Қазақстан
  • K. B. Djantaeva ҚР БҒМ ҒК «Жалпы генетика және цитология институты» Алматы, Қазақстан
  • A. S. Amirgalieva ҚР БҒМ ҒК «Жалпы генетика және цитология институты» Алматы, Қазақстан
  • F. T. Muratova ҚР БҒМ ҒК «Жалпы генетика және цитология институты» Алматы, Қазақстан
  • L. A. Skvortsova ҚР БҒМ ҒК «Жалпы генетика және цитология институты» Алматы, Қазақстан
  • Nurzhibek . ҚР БҒМ ҒК «Жалпы генетика және цитология институты» Алматы, Қазақстан
  • K. S. Utegenova ҚР БҒМ ҒК «Жалпы генетика және цитология институты» Алматы, Қазақстан
  • A. V. Perfilyeva ҚР БҒМ ҒК «Жалпы генетика және цитология институты» Алматы, Қазақстан
  • B. O. Bekmanov ҚР БҒМ ҒК «Жалпы генетика және цитология институты» Алматы, Қазақстан

Кілт сөздер:

радиация, генетикалық қор, генетикалық полиморфизм, тотығу стресі, ксенобиотиктер детоксикациясы ферменттері.

Аңдатпа

Адам организміне радиация әсерін бағалауда маңызды рөлді сол организмдегі ДНҚ молекуласының репарациясы, ксенобиотиктердің детоксикациясы және организмнің оксидативті қорғанысы атқарады. Организмде иондаушы сәулелердің әсерін ондағы түзілетін бос радикалдардың мөлшерімен сипаттайды. Бос радикалдар ДНҚ молекуласының оксидативті бұзылысына, липидтер мембраналарының тотығуына, ферменттер жұмысының басылуына және клетка белсенділігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Бүкіл организмдегі және клеткадағы бос радикалдардың түзілуі мен оның ыдырауы арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы сол организм үшін өте маңызды. Бұл мақалада бұрынғы Семей ядролық полигоны аймағында тұратын және ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде радиациялық сәулелену әсеріне ұшыраған адамдарда GSTP1 Ile105Val және eNOS 4a/b гендерінің полиморфизмін талдау нәтижелері берілген. Жүргізілген зерттеулер негізінде популяциядағы GSTP1 Ile105Val және eNOS 4a/b полиморфты локустары генотиптерінің таралу жиілігі анықталды. Статистикалық талдау нәтижелерінен радиосезімталдылық қаупінің жоғары көрсеткіші eNOS генінің гомозиготалы a/a мутантты типінде (OR=6,15; p=0,04) байқалатынын көруге болады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары