Penicillium aurantiogriseum Dierckx түрінің биоэкологиялық ерекшеліктері

Автор(и)

  • N. N. Salybekova Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • Zh. Zh. Kuzhantaeva Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • E. Basim Акдениз университеті, Түркия Республикасы, Анталия қ.
  • A. E. Serzhanova А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан Республикасы, Түркістан қ.
  • A. E. Seilova Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан Республикасы, Арқалық қ.

Ключові слова:

саңырауқұлақ түрі, ДНҚ, рРНҚ, ПТР, секвенирлеу, Penicillium аurantiogriseum Dierckx.

Анотація

Көкөністерді зардаптайтын саңырауқұлақ түрлерінің әсерінен өнім түсімі мен сақтау мерзімі жылдан жылға азаюда. Ауру тудырушы саңырауқұлақ түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеудің, заманауи зерттеу әдістері арқылы түрге ажыратудың практикалық маңызы зор екендігі белгілі. Мақалада пияз (Allium cepa L.) жасыл зең ауруын қоздырушы саңырауқұлақ түріне морфологиялық және молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізілген. Фитопатогеннің таксономиялық орнын анықтауда морфологиялық ерекшеліктері нақты бола бермейді. Осы мақсатта Penicillium аurantiogriseum фитопатогенді микромицеттің молекулярлық-генетикалық идентификациясы полимеразалық тізбектік реакция әдісі арқылы жүзеге асты. Полимеразды тізбекті реакция мақсатында 18S рРНҚ кодтаушы ген бірізділігін табуда NS1 және NS4 консервативтік праймерлері қолданылды. 5.8S РНҚ кодтаушы ген бірізділігін және ішкі транскриптеуші спейсерлер жасау үшін ITS1 және ITS4 праймерлері қолданылды. 26S рРНҚ генінде D1/D2 домені амплификациясы үшін NL-1 және NL-4 праймерлері пайдаланылды. ДНҚ бөлігін секвенирлеуде алынған нуклеотидтік бірізділіктерді салыстыру арқылы жақын туыстық микроорганизмдер штаммдарға филогенетикалық талдау жасалды. Секвенирлеу нәтижесінде геннің нуклеотидтік бірізділігіне сүйене зерттелген штамм түрге ажыратылды. Молекулалық зерттеулермен қатар штаммға микроскоптық, макро- және микроморфологиялық ерекшелігін анықтау мақсатында талдаулар жүргізілді.

Завантаження

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають