DIPHYLLOBOTRIUM LATUM ИНВАЗИЯСЫМЕН ЗАЛАЛДАНҒАН АЛАБҰҒА (PERCA FLUVIATILIS,LINNAEUS,1758) МЕЗОНЕФРОСЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАНЫНЫҢ ЦИТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a8Кілттік сөздер:
инвазиялық аурулар, таспа құрттар, мезонефрос, қанның лейкоцитарлық құрамы, плероцеркоид, имаго, паразиттерге иммундық жауап, паразит-ие қатынасы, пролиферация, лейкопения, гемопоэзАннотация
Мақалада Diphyllobotrium latum инвазиясымен залалданған алабұға балығының (Perca fluviatilis, Linnaeus, 1758) мезонефросының және иммунокомпетентті мүшелері мен тіндерінің клеткалық құрамының өзгерістері сипатталған. Зерттеу мақсаты – паразиттік ауруға шалдыққан балықтардың иммундық механизмдерін анықтау. Зертханалық жағдайда қан және бүйрек дене бөлігінің таңбалары (мезонефрос) зерттелді. Ауланған балық қаны каудоэктомиядан кейін қан тамырынан алынды. Лейкоциттер, балықтардың иммундық жүйесінің инвазияға жауап бертін басты әсерлі жасушалары. Лейкоциттердің балықтың иммундық мүшелерінде пайда болатыны , қан тамырларының арнасында айналыста жүріп, антигендік әсерге туа біткен және бейімделген иммундық жауаптың дамуын қамтамасыз ететіні дәлелденді. Дифиллоботриоз инвазиясының дернәсілдік плероцеркоид сатысы, алабұға балықтарының гемопоэз мүшелерінде лейкоциттердің өндіру тиімділігінің төмендеуіне, морфофункционалдық бұзылулардың пайда болуына ықпал ететіні эксперименттік түрде анықталды. Паразиттердің иелерінің ішек арнасында өсуі мен тіршілік әрекеті ішкі мүшелерінің шырышты қабатының қабынуына, қуыс мүшелерінің дисфункциясына әкелетіні сипатталған. Дифиллоботрияның плероцеркоидтары өз жасушаларында иесі үшін бөтен антигендерді алып жүретін көп жасушалы организм ретінде балық ағзасында иммунды жауап тудыруға қабілетті. Иммундық жауапқа қарамастан, паразиттің плероцеркоидтары ие организмінде дамып өсіп ересек паразитке айналады. Паразиттердің қожайынның организміне тікелей және жанама иммуномодуляциялық әсер тигізетіні анықталды. Diphyllobotrium latum плероцеркоидтарының алабұға балықтарының организмінде тудырған морфофизиологиялық, гематологиялық және иммунологиялық параметрлердің өзерістері, қуыс мүшелеріне патогендік әсері жайлы мәліметтер келтірілген. Алынған нәтижелер, бір жағынан, иммундық жауапқа алабұға балығының мезонефросының қатысуын, екінші жағынан – иммунологиялық гомеостазды қалыптастыратын қан түзу мүшелерінің бейімделу мүмкіндіктерінің төмен екенін көрсетті.