ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АУМАҒЫНДА E. LONGISTIPITATA REGEL ӨСІМДІГІНІҢ ТАРАЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.03Кілттік сөздер:
E.longistipitata Regel, Батыс Тянь-Шань, эфемероид, гербарий, эндемикалық, Орталық Азия, географиялық таралуы, онтогенезАннотация
E. longistipitata Regel - батыс Тянь-Шань тау бөктерінде өсетін Орталық Азияның эндемикалық өсімдігі. Бүгінгі таңда бұл өсімдік ісікке қарсы, антиоксидантты және қабынуға қарсы қасиеттерінің арқасында әлемдік ғылыми қауымдастықтың қызығушылығын тудырады. Бұрын гербарий коллекцияларына талдау жүргізілген жоқ, сондықтан біз алғаш рет Орталық Азиядағы алғашқы және ең ірі гербарий коллекцияларының бірін – Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ботаника институтын және GBIF базасының мәлеметтерін, әлемдік әртүрлілік туралы ғылыми ақпарат жинау үшін құрылған.. 1916 жылдан 2020 жылға дейінгі 100-ден астам гербарий үлгілері зерттелді. Гербарий үлгілері арқылы E.longistipitata популяцияларының 37 нақты нақты орны GPS координаттарымен анықталды. E. longistipitata популяциялары Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан сияқты бес Орта Азия мемлекеттерінің аумағында табылды. Қазақстан аумағында Батыс Тянь-Шань, Памир-Алай және Қаратау тау бөктерінде өсімдік объектілері анықталды. Ұсынылып тұрған зерттеу Орталық Азиядағы E. longistipitata таралу аймағы туралы ақпаратты нақтылауға және толықтыруға мүмкіндік берді.