«ҮЛБІ» МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ АУМАҒЫНДАҒЫ КҮНБАҒЫС ЖӘНЕ ГАЗОНДЫ ШӨП ӨСІМДІКТЕРІНІҢ АУЫР МЕТАЛДАРДЫ ЖИНАҚТАУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a13
        20 10

Кілттік сөздер:

Кілтті сөздер: ауыр металдар, мыс, кадмий, қорғасын, мырыш, күнбағыс, газондық өсімдіктер.

Аннотация

Соңғы жылдары қоршаған ортаға антропогендік әсердің артуына байланысты ауыр металдардың аккумуляторлары болып табылатын жергілікті флораның өсімдіктерін анықтау бойынша зерттеулер күшейуде. Мақалада Өскемен қаласында орналасқан Үлбі металлургиялық кешені аумағындағы күнбағыс өсімдіктері мен көгалды шөптерде ауыр металдардың, атап айтқанда Zn, Cd, Pb, Cu жинақталуы мәселесі қарастырылған.
Қазіргі уақытта ауыр металдарды жинақтай алатын өсімдіктерді іздеу белсенді жүргізілуде. Әдебиет деректеріне шолу негізінде фиторемедиациялау қабілеті бар түрлердің ішінде күнбағыс өсімдігі (Heliantus annuus L.) және фиторемедияциялық қаблетке ие жабайы астық тұқымдастар ішінен (Agropyron repens (L.) P. Beauv. (бидайық), Bromus inermis Leyss, (костер) Agrostis alba L. (ak суоты) және Dactylis glomerata (тарғақшөп) газондық өсімдіктер қоспасы зерттеу нысаны ретінде пайдаланылды. Топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі мен олардың өсімдіктерге түсу қарқындылығы арасындағы байланыс көрсетілген. Сонымен, топырақтағы мырыштың мөлшерін 22,5%-ға, кадмийді 31%-ға, қорғасынды 40,7%-ға, мысты 29,4%-ға төмендетуге болады. Газондық өсімдіктер қоспасымен салыстырғанда жүгері өсімдіктерінде ауыр металдарды сіңіру қарқындылығы жоғары екені анықталды. Тәжірибе нәтижелері ауыр металдармен ластанған топырақтарды фиторемедиациялау технологиясын жасау үшін қызықты болуы мүмкін.

Авторлардың биографисы

Е.А. Киршибаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Киршибаев Ерлан Ахметкалиевич - (корреспендент автор) биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: er_biol@mail.ru)

Г. Төлеева, Қазақстан-Ресей медициналық университеті Қазақстан, Алматы

Тулеева Гулмира Төреқазықызы – магистр, Қазақстан-Ресей Медициналық университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: tuleeva.gulmira@bk.ru)

Ә.Е Ережепов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Ережепов Әділ - биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті (Алматы, Қазақстан, e-mail: adil.yerezhepov@mail.ru)

Ә.Е. Оразбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Оразбаев Әділхан Ергешұлы - химия ғылымдарының кандидаты, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: orazbaevadilkhan75@gmail.com)

С.Қ Турашева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Турашева Светлана Қазбекқызы - биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті (Алматы, Қазақстан, e-mail: svetlana.turasheva@kaznu.kz)

Д.М. Мұқашева, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстан, Талдықорған

Мұқашева Дана Мадиярқызы - PhD-доктор, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің аға оқытушысы (Талдықоған, Қазақстан, e-mail: anagul.mukasheva.84@mail.ru)

Э.У. Сагиндыкова , Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті Қазақстан, Ақтау

Сагиндыкова Эльвира Умировна - педагогикалар ғылымдарының кандидаты, Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің доценті (Ақтау, Қазақстан, e-mail: elvira.sagindykova@yu.edu.kz)

Жүктелулер

Как цитировать

Киршибаев, Е. ., Төлеева, Г., Ережепов, Ә. ., Оразбаев, Ә. ., Турашева, С., Мұқашева, Д. ., & Сагиндыкова , Э. . (2024). «ҮЛБІ» МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ АУМАҒЫНДАҒЫ КҮНБАҒЫС ЖӘНЕ ГАЗОНДЫ ШӨП ӨСІМДІКТЕРІНІҢ АУЫР МЕТАЛДАРДЫ ЖИНАҚТАУЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 101(4), 160–170. https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a13

Шығарылым

Бөлім

ФИЗИОЛОГИЯ И БИОХИМИЯ РАСТЕНИЙ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають