КИІК ЛАҚТАРЫН ПИТОМНИКТЕ ҚОЛДА ҰСТАП БАҒУДЫҢ (АСЫРАУДЫҢ) ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Т.З Бегилов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0008-3081-8563
  • Ю.А. Грачев Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым коммитетінің “Зоология институты”, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3311-2079
  • Б.Е. Есжанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0007-9448-5334
  • B.B. Сарсенова М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1998-6984

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.07
        105 57

Кілттік сөздер:

киік, популяция, вольер, браконьерлік, интродукция, генофонд, генетикалық банк, зообақ, шартты рефлекс, табиғи инстинкт

Аннотация

Киік (Saiga tatarica tatarica L., 1766) – өте ежелден келе жатқан, Евразияның аридті далаларын қоныстанған үйірімен көшіп жүретін жануар. Басқа да тұяқты жануарлар сияқты киіктер де жабайы аңшылық пен браконьерлік, антропогендік бұзылулар және негізгі тіршілік орталарының қысқаруынан шет қалмады. Қазақстандағы жабайы тұяқты жануарлардың ішінде саны жөнінен ең үлкені киіктер – Saiga tatarica tatarica L., 1766 болып табылады.

Көпжылдық дүние жүзілік тәжірибе аса қауіпті жағдайға тап болған жануарлардың соңғы өкілдерін осы түрдің генофондын сақтаушылар ретінде қолдан жасалған арнайы вольерлер мен зообақтарда өсіру оларды сақтап қалудың сенімді бір жолы екендігін көрсетіп отыр. Осылайша соңғы бір ғасырдың ішінде саны бірнеше рет қауіпті деңгейге дейін төмендеп, қайта көбейген киікті де бұрын тіршілік етіп қазіргі уақытта жойылып кеткен табиғи орталарына интродукциялаудың, сондай-ақ генофондын сақтау және осындай бағдарламамен айналысушыларға жануарлардың сұрыпталған топтарын беру үшін оларды қолда ұстап өсірудің кешенді бағдарламасын жасап оны жүзеге асырудың қажеттілігі туындап отыр.

Бұл мақалада ғылыми әдебиеттер мен мақалалардың және авторлардың жеке зерттеулерінің негізінде киіктерді қолда ұстап бағу бойынша дүние жүзіндегі және Қазақстандағы тәжірибелер, сонымен қатар Ұлытау облысының аумағында 2022 жылы ашылған питомникте авторлардың киік лақтарын қолда ұстап бағуға тікелей қатысуы және сол бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстары сипатталған. 

Киіктердің жаппай төлдеуі кезінде туғанына бірнеше сағат болған киік лақтары табиғи ортадан алынып, арнайы қоршауларда ұсталып ересек жануар болып өсіп өнгенге дейінгі оларды бағып қағу процесі, киік лақтарының мінез құлықтары, кездесетін қиындықтар, жарақат алулары мен аурулары, т.б. сипатталады. 

Сонымен қатар, киік лақтарын жасанды сүтпен қоректендіру бойынша тәжірибе және белгілі бір шарттарды сақтаған жағдайда киіктерді питомниктерде қолда ұстап бағуды сәтті жүзеге асыруға болатыны туралы, сондай-ақ лақтарды қолда ұстау жағдайындағы олардың мінез құлықтарына жүргізілген бақылау мен зерттеулер туралы айтылады.

Авторлардың биографисы

Т.З Бегилов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Бегилов Талгат Заурович – әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, 8D05101- Биология мамандығының докторанты, Алматы, Қазақстан, e-mail: talgat.begilov@mail.ru;

Ю.А. Грачев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым коммитетінің “Зоология институты”, Алматы, Қазақстан

Грачев Юрий Александрович – биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым коммитеті, Зоология институтының жетекші маманы, Алматы, Қазақстан, e-mail: teriologi@mail.ru;

Б.Е. Есжанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Есжанов Бирликбай – биология ғылымдарының кандидаты, әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қауымдастырылған профессоры, e-mail: b-eszhanov@mail.ru;

B.B. Сарсенова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақстан

Сарсенова Бибигуль Балгабаевна – биология ғылымдарының кандидаты, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің қауымдастырылған профессоры, e-mail: sarsenovab@mail.ru;

Жүктелулер

Как цитировать

Бегилов, Т., Грачев, Ю., Есжанов, Б., & Сарсенова B. (2024). КИІК ЛАҚТАРЫН ПИТОМНИКТЕ ҚОЛДА ҰСТАП БАҒУДЫҢ (АСЫРАУДЫҢ) ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 100(3), 84–94. https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.07