ШОЛАҚ ЖОТАСЫНДАҒЫ ҚЫНАЛАРДЫҢ АЛУАН ТҮРЛІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.02
        52 31

Кілттік сөздер:

Лихенобиота, қыналар маннасы, шөлді аласа таулар, қыналардың субстраттық шектелуі

Аннотация

. Қыналар айтарлықтай биомассаға ие және көптеген өсімдіктер қауымдастығының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болғанына қарамастан, Шолақ жотасындағы қыналар туралы мәліметтер іс жүзінде жоқ. Сондықтан біздің жұмысымыздың мақсаты Шолақ жотасындағы қыналардың алуан түрлілігін зерттеу және олардың таралуы туралы деректерді талдау болып табылады. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы топырақ түрлерінің, тау жыныстарының және басқа да табиғи құбылыстардың индикаторы ретінде қызмет ететін, адамдар үшін пайдалы қыналардың әртүрлілігі туралы мәліметтер алу болып табылады. Мақаланың материалы: авторлармен 2022-2023 жылдары жүргізілген зерттеулер барысында жиналған және Ботаника және фитоинтродукция институтының гербарий қорында сақталған гербарий үлгілері. Қыналардан препараттар дайындау, оларды зерттеу және анықтау стандартты әдіс бойынша жүзеге асырылды. Үлгілер Levenhuk MED D45T LSD микроскобының көмегімен зерттелді. Қыналар түрлерінің субстраты мен жиналған жерінің координаттары көрсетіле отырып тізімі келтірілді. Шолақ жотасында үш класқа жататын қыналардың 22 түрі табылды. Candelariomycetes класы бір қатардан, бір тұқымдастан және екі түрден тұрады. Eurotiomycetes класы да көп тарамаған: Verrucariales қатарының және Verrucariaceae тұқымдасының тек екі түрі ғана кездеседі. Ең үлкен Lecanoromycetes класы 7 қатардан, 8 тұқымдастан, 14 туыстан және 18 түрден тұрады. Анықталған түрлердің көпшілігі (14 түр, барлық түрлердің 63,6%-ы) тастардан және негізгі тау жыныстарынан алынған. Мүктерден тек 1 түр (4,5%) анықталды. Atraphaxis sp. және Cerasus tianshanica бұтақтарының қабығында үш түр (13,6%) кездеседі. Топырақ бетінде  қыналардың Circinaria affinis, Endocarpon vagans, Scytinium palmatum, Candelariella aurella және Romjularia lurida деген бес түрі (22,7%) кездеседі, олардың алғашқы екеуі еркін тіршілік ете алады, ал Scytinium palmatum тасқа бекініп те өсе алады. Көбінесе зерттеу аймағында Xanthoria elegans және Protoparmeliopsis muralis түрлері кездеседі. Scytinium palmatum и Anaptychia roemeri деген екі түр Қазақстан аумағында алғаш рет табылған. Зерттеу құндылығы мен практикалық маңыздылығына қыналардың түрлік құрамын анықтау, олардың таралуы және субстраттардың әртүрлі түрлерімен шектелуі туралы мәліметтер алу болып табылады.

Авторлардың биографисы

Е.В. Рахимова, Ботаника және фитоинтродукция институты, Қазақстан, Алматы қ.

Рахимова Елена Владимировна – доктор биологических наук, главный научный сотрудник лаборатории микологии и альгологии РГП «Институт ботаники и фитоинтродукции» (Алматы, Казахстан, е-mail: evrakhim@mail.ru)

A.A. Аметов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Аметов Абибулла Аметович – доцент, кандидат биологических наук, КазНУ им. аль-Фараби (Алматы, Казахстан, е-mail: ametov@kaznu.kz)

А.Д. Мырзахан, Ботаника және фитоинтродукция институты, Қазақстан, Алматы

Мырзахан Анел Дәуренқызы (корреспондентный автор) – магистрант КазНУ им. аль-Фараби, старший лаборант РГП «Институт ботаники и фитоинтродукции» (Алматы, Казахстан, е-mail: myrzakhan_anel@mail.ru)

Жүктелулер

Жарияланды

2024-06-20

Как цитировать

Рахимова, Е., Аметов A., & Мырзахан, А. . (2024). ШОЛАҚ ЖОТАСЫНДАҒЫ ҚЫНАЛАРДЫҢ АЛУАН ТҮРЛІЛІГІН ЗЕРТТЕУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 99(2), 15–26. https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.02

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають